Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері талқыланады

13.11.2019 196
Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Тургенев көшесі,86 үй Өтетін уақыты: 2019 жылғы 21 қараша,сағат 09.00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 21 қарашасында «Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері» тақырыбына республикалық семинар-тренинг өткізеді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында шет тілдерді оқытудың үздік әдіс-тәсілдерінің тиімділерін анықтау және тілдерді оқытудың озық тәжірибелерімен алмасу. Семинар-тренинг қазақ тілі оқытушыларының әдістемелік біліктерінің шыңдалуына мүмкіндік береді.

Семинар-тренингте «EDTECH» халықаралық білім орталығының Бас директоры, философия докторы (Ph.D)Бейсенбаев Ғани Бектайұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Шет тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасыныңфилософия докторы (Ph.D) Бейсенбаева Ляззат Жұмабекқызы, «Тұран-Астана» университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық және тілдер кафедрасының аға оқытушысы, білім магистрі Қапанова Айжан Қапанқызы, Ақтөбе қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Уразалина Айнагүл Кенжеғалиқызы, Ақтөбе облысының Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Төлегенова Гүлсайран Нұрланқызы, Қарағанды облысы Ресурстық тіл орталығының оқытушысы Боранғазы Фариза Ерланқызы, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлім басшысы Бахытова Әсел Манасқызы оқытудың заманауи үздік әдіс-тәсілдерін көрсетеді.

Аталған ісшарада еліміздегі 17 облыстың тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары өзара тәжірибе алмасады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 273044, +77470311632

Тегтер: Ақтөбе, семинар, тренинг, әдіс-тәсіл, тіл үйрету
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

88

ақпарат

Журналистерге арналған семинар өтті

162

ақпарат

Ілеспе аударма жүргізудің тиімді әдістері

418

ақпарат

Атауларды жазудың ереже жобасы талқыланды