Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа әліпби қарапайым және икемді болуы тиіс!

12.11.2019 605

Қазақстанның қоғамдық, әлеуметтік-рухани өміріндегі барынша маңызды жайттың бірі - жаңа әліпби нұсқасы еліміздің барлық саласы азаматтарының мүдделілігі мен қызығушылығын туғызып отырғандығы түсінікті. Солардың қатарында сыртқы саясат, халықаралық қатынас саласындағы азаматтарымыздың да осы мәселеге айрықша назар аударып, немқұрайлы қарай алмайтындығы – заман талабы. Бұл тұрғыдан келгенде, әлем жұртшылығымен тығыз араласып, өзге мемлекеттердің тәжірибесін мұқият зерттеп, жетік білетін, шет тілдерін меңгерген дипломатиялық сала мамандарының да айтары бар әрі барынша ескеруге тұрарлық деп санаймыз.

Осы мақсатта кәсіби диломат, ана тілімен қатар бірнеше шет тілдерін меңгерген маман Нұрболат Әлімбаевтың дайындаған латын әліпбиі нұсқасын (қосымшада берілген) жолдап отырмыз.

Автор берілген нұсқаны әзірлеу кезінде келесі қағидаттарға сүйенген:

1. Қазіргі заманғы әлемдік тіл білімі ғылымының негізін қалаушылар француз мамандары болғандықтан, қазақ тілінің латын әліпбиін құрастыру үшін француз тілінің кейбір заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.

2. Жаңа әліпби, мүмкіндігінше, қарапайым және икемді болуы тиіс, яғни әріптерден бөлек таңбаларды мейлінше шектеп, қазақ тілінің дыбыстау ерекшеліктері кеңінен ескерілді.

3. Қазақ тілінің латын әліпбиі компьютердің клавиатурасына мейлінше икемделген, ақпараттық технология мамандары толық келісер, яғни мәтін теру, жазуға барынша қолайлы, оңай болуына назар аударған.

Қазақ тіліне арналған латын әліпбиі

Тегтер: латын графикасы, жаңа әліпби, нұсқа, жоба
Авторы: Мұхтар Кәрібай, "Abai.kz"

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

438

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

91

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

54

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді