Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілі мен ұлттық тілдерді жетілдіру мәселелері қаралды

25.10.2019 100

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қоры 2019 жылғы 25 қазанда Алматы қаласының «Достық үйі» ғимаратында «Жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдері жеделдете оқытудағы өзекті мәселелер» республикалық әдістемелік семинар-тренинг өткізді.

Семинардың мақсаты – жексенбілік мектептерде қазақ тілі мен ұлттық (ана) тілдері жеделдете оқытудағы өзекті мәселелерді анықтау, шешу жолдарын табу, озық тәжірибенізерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, республикалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары, этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жексенбілік мектептерінің мұғалімдері, әдіскер-тренерлер қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік және өзге де ұлт өкілдерінің тілдерін оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Этномәдени бірлестіктерінің жанындағы жексенбілік мектептерінің мұғалімдеріне интерактивті тренинг және панорамалық сабақтарын көрсетті.

Тегтер: Алматы, қазақ тілі, ұлттық тіл, жексенбілік мектеп
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

10

ақпарат

Әдістемелік семинар өтеді

55

ақпарат

​Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері талқыланады

57

ақпарат

​БАНК саласы терминдері талқыланды