Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Тілдарын" олимпиадасы өтеді

30.10.2019 270
​Өтетін орны: Шымкент қаласы, «КӨРМЕ» орталығы, Н.Назарбаев даңғылы12-үй Өтетін мерзімі: 2019 жылғы 6 қараша, сағат: 10:00

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіпүш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді.

«Тілдарын» республикалық олимпиадасы жастардың білім-білігіне басымдық береді. Көптіл білу – жас ұрпақтың әлемдік деңгейде ой түю, білім кеңістігіне жол ашып, жаһандық ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін жетілдіріп, оны танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Олимпиада мақсаты: үш тілді, яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, сол арқылы өзге жастардың талаптануына мүмкіндік жасау.Тағы бір міндет, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, қажеттілігін арттыру

Күтілетін нәтиже:

- үш тілді еркін меңгерген дарынды жастарды анықтай отырып, оларды насихаттау жәнеқолдау көрсету;

- көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, олардың ой-санасына қазақстандық патриотизмді сіңіру, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеуге баулу;

- сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру.

«Тілдарын» республикалық олимпиадаға 18 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысып, олар төмендегі берілген тапсырмалар негізінде:

- тақырыптың мазмұнын толық ашу;

-тақырып бойынша эссе жазу;

- мәтінге ілеспе аударма жасау бойынша білім жарысына түседі.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады: бірінші– қазақ тілін ; екінші– ағылшын тілін ; үшінші кезең – орыс тілін білу.

Сонымен қатар байқауға қатысушылардың «Тілдарын» республикалық олимпиадасы аясында ұйымдастырылған Абай шығармаларын насихаттауға бағытталған әлеуметтік желілерде челлендж конкурсындағы нәтижелері де әсер етеді.

Жүзден жүйрік, оннан озық шыққан олимпиада жеңімпаздары дипломдармен, алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байланыс телефондары:

27-71-38, 27-30-43, 27-31-32

+7 7023531642,+7 7051005908

Веб-сайт: www.tilalemi.kz

Тегтер: Тілдарын, полиглот, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

10

ақпарат

Әдістемелік семинар өтеді

55

ақпарат

​Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері талқыланады

57

ақпарат

​БАНК саласы терминдері талқыланды