Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тұңғыш Тіл Форумы өтті

24.10.2019 484
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты республикалық тіл форумын өткізді.

Тұңғыш форум Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 облыстың, "Тіл-Қазына" орталығының арнайы әзірлеген көрмесін тамашалаудан басталды. Көрмеде мемлдекеттік тілді оқытуға және жаңа латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін үйренуге арналған инновациялық жобалар таныстырылды.

Тіл форумының жалпы отырыстында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында көрсетілген мемлекеттік тіл саястын жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Формда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығына тоқталды.

- Тіліміздің қоғамдағы қызметін арттырып, оның әлеуетін көтеру ісі біздің жіті назарымызда. Әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу тектіктерін іске қосу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Оның жолдарын анықтау, Қазақстандағы және әлемдік тілдік қауымдастықтағы қазақ тілінің рөлі мен мәртебесі туралы заманауи білім, ақпарат, насихат алаңдарының жұмысын ұйымдастыру - бүгінгі форумның міндеті, - деді.

Алқалы жиында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Амангелді Айталы "Тіл саясатының әлеуметтік мәселелері" тақырыбында баяндама жасады. "Ұлттық жаңғырудың негізі – тілдік жаңғыру" тақырыбында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы сөз сөйлеп, көпшілікке ой салды.

Сонымен қатар қазақ тілінің қазіргі ахуалы мен жаңа әліпбиге көшудің артықшылықтары турасында Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, «Амал боокс» баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов баяндама жасап, жаңа бастамаға жұртшылықты жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Форум соңында тұңғыш форумның қарары оқылды. Қарарда әрбір құзырлы органға ұсыныстар айтылып, қазақ тілінің мәртебесін арттру жолында әріптестік орнату қажеттігі айтылды.


Түскен кейін форум жұмысы секция отырыстарымен жалғасты. «Ғылым, білім және тіл», «Бизнес және тіл», «Заң және тіл», «БАҚ және тіл», «Мемлекеттік тіл болашағы – жастар болашағы», «Өңірлердегі тілдік ахуалды талдау» тақырыптарында пікір алаңдарында тақырыптар кеңінен ашлып, нақты мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары ойластырылды. Әрбір секция отырысының жеке қарары қабылданды.


Тегтер: Форум, Тіл форумы, Ақтоты Райымқұлова, Нұртөре Жүсіп, Амангелді Айталы,
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

9

ақпарат

Әдістемелік семинар өтеді

55

ақпарат

​Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері талқыланады

57

ақпарат

​БАНК саласы терминдері талқыланды