Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тұңғыш тіл форумы өтеді

22.10.2019 580
Тұңғыш Тіл форумы өтеді.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министріН.М. Дәуешов мәлімдеді.

- Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру мақсатындағы жұмыстарды жандандыруға, ол үшін жұмыла жұмыс жүргізуге шақырды. Осы ретте ағымдағы жылғы 24 қазанда «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» тақырыбында Тіл форумын ұйымдастырғалы отырмыз. Және бұл форумның маңызы зор деп білемін,- деді Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М. Дәуешов.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп өткізгелі отырған тұңғыш Тіл форумында жаңа әліпбиге көшу барысы талданып, атқарылған жұмыстар қорытындыланады. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері сөз болады.

- «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру бойынша бірнеше бағытта жұмыстар жүргізіп келеді. Ең алдымен әліпби және оның емле ережелеріне байланысты сауалнама, сынама жұмыстарын жүргізу қолға алынған еді. Нәтижесінде халық көзқарасының оң екендігі байқалды. Сонымен қатар емле ережелерін үйрету курстары ұйымдастырылып, мұғалімдер мен әдіскерлерге жаңа емле бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыркүйектен бастап Орталықтың жанынан емле ережелерін үйретуге арналған оқу сыныптары ашылды. Орталықтың басты мақсаты – жаңа әліпбиді меңгерген білікті мамандар дайындау,- деді Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ә.Асқар.

Брифинг барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы А.Фазылжанова жаңа әліпбиге байланысты БАҚ өкілдерінің сауалдарына толыққанды жауап берді.

Айта кетейік, форумда әліпби мен қазақ тілін оңай әрі тиімді жолмен үйрететін заманауи интерактивті құралдардың көрмесі өтеді.

Форумның секция жұмыстары мынадай бағыттарды қамтиды: Ғылым, білім және тіл; Бизнес және тіл; Заң және тіл; БАҚ және тіл; Мемлекеттік тіл болашағы – жастар болашағы; Өңірлердегі тілдік ахуалды талдау.

Секциялық жұмыстар барысында мемлекеттік тілдің бизнес, ғылым, білім, БАҚ салаларындағы қолданысын кеңейту, қазақ тілін меңгертудің заманауи әдістемесі, жаңа әліпби емлесіне қатысты мәселелер бойынша пікірталас өтеді.

Тіл форумына Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, мемлекеттік орган, ұлттық компания басшылары, зиялы қауым өкілдері және білім, ғылым, бизнес, БАҚ т.б. сала мамандары мен еліміздің барлық өңірінен 250-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде.

Тегтер: форум, Тіл форумы,
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

46

ақпарат

«Көркемсөз оқу шеберлері» конкурсы қорытындыланды

68

ақпарат

Терминологиялық жұмыс тобының отырысы өтті

87

ақпарат

Әдістемелік онлайн-семинар өтеді