Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Атауларды таңбалауға арналған онлайн семинар өтті

11.10.2019 350

2019 жылдың 11 қазанында Ш.Шаяхметов атындағы «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қала, аудан және облыс мекеме атауларын латын әліпбиінде таңбалау» атты республикалық онлайн семинары болып өтті. Онлайн семинарда орфографиялық топ мүшелері тарапынан әзірленген «Қала, облыс, аудан мекеме атауларының анықтамалығы» талқыға салынды. Сарапшы мамандар тарапынан бірқатар ұсыныс пікірлер айтылып, авторларға жолданды. Сарапшылар тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, семинарға қатысушылар талқысына салынды. Филология докторы (PhD) Әсем Қасымова Қазақстанның барлық өңірлерінде эргонимдердің жазылуында бірізділіктің болмайтындығын, көбінесе атаулардың орыс тілінде беріліп, қазақшаға қате аударылатындығын, бір ғана мекеме, ұйым атауларының қазақша нұсқасы әртүрлі берілетіндігін, грамматикалық тұрғыдан қате жазылуы жиі кездесетіндігін атап өтіп, мұндай олқылықтарды ретке келтірудеАнықтамалықтың аса қажет екендігін атап өтті. «Алматыкітап» баспасының бас редакторы Өмірзақ Әбдішүкірұлы Қазақстан атауы халықаралық аренада әлі де советтік нұсқамен жазылып жатқандығын, халықаралық Kazakhstan және қазіргі қолданыстағы Qazaqstan атауларының қолданылуын реттеу керектігін айтты. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы меңгерушісі Жұпар Жақанова қазіргі тілдік кеңістіктегі эргонимдердің сауатты жазылуын латыннегізді графикаға көшер тұста реттеп алудың аса маңыздылығын және бұл мәселе тек тілші ғалымдарды ғана толғандырып қоймай, тұтас қоғам назарында болатын мәселе екендігін атап өтті. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті Света Саменова жекеменшік коммуналдық ұйымдар атауларын арнайы дайындығы жоқ көптеген жарнамалық агенттіктердің қызметкерлері қоятынын, эргонимдерді теориялық базаға сүйене отырып біріздендіру керектігін тілге тиек етті. Онлайн семинарға Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының, ШҚО Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының, Шымкент қалалық тілдердерді оқыту-әдістемелік орталығының, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы бөлімінің, Жамбыл облысы Тілдерді оқыту орталығының басшылары мен мамандары қатысты.


Тегтер: латын графикасы, жаңа әліпби, 2020-2025, қазақ тілі
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

57

ақпарат

Жаңа әліпби қарапайым және икемді болуы тиіс!

62

ақпарат

Абай әлемі - ақылдың кені!

70

ақпарат

Мемлекеттік тілдің мәртебесі биік