Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Республикалық онлайн семинар ұйымдастырылды

25.9.2019 153
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында 2019 жылдың 25 кыркүйегінде «Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар» тақырыбында республикалық онлайн семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Алматы, Шымкент қалалары және 15 облыс бойынша аймақ ғалымдары мен тіл мамандары қатысты.

Семинарда Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытуды жетілдіру, заманауи әдістер мен ұсыныстар, тіл үйретудегі ең ұтымды тәсілдер, мультимедиалық технологиялар, бейне роликтер арқылы оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу мәселелері айтылып, семинар соңында әдіскер-ғалымдардың ұтымды пікірлері ұсынылды.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов: «Әдістеме - бұл үнемі жетілдіруді, тоқтаусыз ізденісті талап ететін ең күрделі сала. Шыны керек, қазіргі таңда қазақ тілін үйретуде әдістеме саласының сәл саябырлық танытқаны байқалады. Бұл – ащы да болса шындық. Қазір шетелдік ғалымдардың тілді меңгертудегі ең үздік, ең ұтымды тәсілдерін меңгеріп, мемлекеттік тілді меңгертуде пайдалану керектігін, төл әдістемемізді жетілдіріп, жүйелеу қажеттігін айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Ғылымда пікірталас жоқ жерде, айтарлықтай жетістік те болмайтындығы ақиқат. Сондықтан мемлекеттік тілді меңгертуде қазіргі заман талаптарына сай әдістемені жетілдіру күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып отыр.

Әдістеме басқармасының басшысы Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы «Оқу-әдістемелік кешендеріндегі лексикалық-грамматикалық минимумдардың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары» тақырыбында баяндама жасап, қазақ тілін деңгейлеп оқытуда лексика-грамматикалық минимумдарды, ментальды кесте негізіндегі лексиканы құрайтын сөздер мен сөз тіркестері турасында баяндама жасап сондай-ақ семинардың модераторы ретінде әрбір баяндамаға, қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлеріне білікті, орынды түсінік беріп отырды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Құрманбаева Шынар Қапантайқызы «Қазақ тілін танымдық-қатысымдық бағдарлы оқыту әдістемесі» тақырыбында баяндама жасап, қазақ тілін оқытуда Ахмет Байтұрсынұлының ұсынған әдістеріне тоқталып, сабақтастыра отырып, тілдік тұлғаның танымдық-қатысымдық құзіреттілігін арттыру үшін, «мәніс білімді» танымдық бағдарлы оқыту мен «әдіс білімді» қатысымдық бағдарлы оқытудың меңгерту жолдарын ұсынды. Сондай-ақ Ақтөбе облысы Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Сүгірбаева Ақмарал Сағынбайқызы «Орта деңгей: мультимедиалық технологиялар негізінде оқыту» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысы Тілдер жөніндегі басқармасының лингвистикалық орталығының оқытушысы Әбілмәжінова Ләйла Қазезбекқызы «Жоғары деңгей: бейнефильмдер арқылы оқытудың тиімділігі» тақырыбында шеберлік сабақтарын көрсетті. Пікір алмасуда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің бас сарапшысы Айнагүл Көкенова: «Бұндай онлайн семинарларды жиі өткізіп тұрғанымыз дұрыс. Тіл үйренудегі әдістемені жетілдіріп отыру, оқытушының біліктілігін арттыру, тілдік құзіреттілікті жетілдіру, педагогикалық таным-түйсігімізді арттыру мәселелері ешуақытта күн тәртібінен түспейді. Орталықтағы оқытушылар үнемі бір-бірімен үнемі тәжірбие алмасып отыру өте маңызды. Сол себепті біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз» деп пікір білдірді.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Омарова София Қажыақпарқызы: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі турасында айтқанда әлі де болса шешілуі тиіс мәселелер баршылық. Әлі де болса кемшіліктер бар деп айта аламын. Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін басқа халықтың тілдерін оқыту әдістемесімен салыстырғанда байқалады. Мұны мойындауымыз керек. Ең бірінші кемшілік қазақ тілінде әдістемелік терминдер сөздігі жоқ. Екінші мәселе деңгейлеп оқыту әдістемесінде лексика-грамматикалық минимум болуы керек. Оқулық жазған кезде, оқу әдістемелік құрал жазған кезде, бетке ұстар академиялық еңбек ретінде пайдалануымыз керек» деген қадау-қадау пікірлері семинарға қатысушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Семинар барысында байланысқа шыққан Қызылорда облысынан профессор Аман Меделханұлы: «Қазақ тілін оқытуда тыңдалым мәселесі арнайы зерттеліп, тиімді әдістемесі жасалу керек. Тіл үйренушінің құлағының құрышы қанбай, қазақ тілі шықпайды. Сондықтан тыңдалымға баса назар аудару керек. Біз жазба тілімен қатар, енді сөйлеу тілін де зерттеуіміз керек» ұсыныс айтылды. Бұл пікірлердің, ұсыныстардың барлығы алдағы уақытта ескеріліп, кемшіліктердің орнын толтыру мақсатында белсене жұмыс атқарылу қажет деген пікірмен семинар жұмысы аяқталды.

Тегтер: Қазақ тілі, деңгейлеп оқыту, онлайн семинар
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

76

ақпарат

«Салалық терминдерді аударудың әдіс-тәсілдері» онлайн-семинары өтеді

221

ақпарат

Тұңғыш тіл форумы өтеді

149

ақпарат

Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті