Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БАҚ және баспа қызметкерлеріне арналған семинар өтті

3.10.2019 645
БАҚ және баспа қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында жаңа әліпби емлесін түсіндіру бойынша БАҚ және баспа қызметкерлеріне семинар ұйымдастырды.


Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа қызметкерлерінің рөлі үлкен маңызға ие.

Семинардың мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін бұқаралық ақпарат және баспа беттерінде түсіндіре алатын білікті мамандар дайындау.


Бұқаралық ақпарат және баспа қызметкерлеріне қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы филология ғылымдарының кандидаттары Ербол Тілешов, Анар Фазылжанова, Құралай Күдеринова жан-жақты баяндап берді. Жаңа емле ережелерінің жазудағы жаңашылдығына тоқталды. БАҚ және баспа қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы жаңа емлені үйретудегі инновациялық технологиялардың өміршеңдігі мен маңыздылығына тоқталып, оларды газет-журнал, теле-радио, сайт салаларында пайдаланудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Семинарға қатысушы БАҚ және баспа қызметкерлері латыннегізді жаңа қазақ әліпбиінің емле-ережелерін өз жұмыстарында басты пайдаланушы. Бұқара арасында жаңа емленің қалыпты енуіне оладың қосар үлесі мол.


Тегтер: Жаңа емле, Тіл-Қазына, Семинар, БАҚ
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

391

ақпарат

​«Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» атты конференция өтеді

94

ақпарат

Әдістемелік семинар өтеді

75

ақпарат

​Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері талқыланады

Страница не найдена

Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Страница не найдена