Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БАҚ кеңістігіндегі терминдерді талқылады

25.9.2019 217
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізді.

Онлайн-семинарда «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы Қайнар Олжай (Нұр-Сұлтан) «Қазіргі қазақ тіліндегі термин сөздер әр шофер өзіне-өзі жол салып алған екі қыстаудың арасы сияқты. Әрбір журналист өзінше аударып алған».

Ал, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Бауыржан Иманғалиев (Нұр-Сұлтан) БАҚ және тіл мәдениетіне терең тоқталды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Сағатбек Медеубек (Алматы) «Термин қалыптастырудажурналистер қызметі маңызды. Сондықтан олардың сөз қолданудағы бірізділікке бағыттайтын бағдарлама болған абзал»-деп сөзін түйіндеді.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Алмагүл Әділова (Қарағанды), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультетінің доценті, ф.ғ.к. Балкенже Қарағұлова (Ақтөбе), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шурентаев (Қостанай)БАҚ терминдерінің қордаланған мәселелері төңірегінде ой өрбітті.

Саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуды насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарыныңорыны басым. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен дамуында да БАҚ айрықша ролге ие.

Міне, БАҚ өкілдері, белгілі лингвист-ғалымдар, бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігінде қолданылатын терминдердің табиғаты мен ерекшеліктері, мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылу мәселелерін талқылады. Әсіресе терминжасам барысында кездесетін қиындықтар,телевизия саласындағы сөз мәдениетін,жарнамадағы сөз қолданудағы олақылықтар жөнінде «Хабар» арнасының аға редакторы Меруерт Байғара «Аударма дегеннің өзі – басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу. Десекте жарнама мәтінін қазақшалау кезінде қиындықтар туындап жатады.Мәтін орыс тілінде болғандықтан аудармауақыт жиелегіне сәйкестендірілмейді»-деген ойымен бөлісті.

Онлайн-семинардыңтерминология саласында әліде күрмеуі шешілмеген зәру мәселерінің бар екендігі айтылды.Бүгінде электрондық басылымдар газеттен де жылдам,сайттар радио мен теледидардың да алдын орап, көпшілік аудиториясын шапшаң хабарлар ететін дәрежеге жетті. Осыған орайкоммуникация саласы, кино, радио, телевидение, интернет, сайт салаларының аудиториясы өз аймағынан асып, бұқараның күнделікті тұтынатын әрі қажетті құралына айналды.Телеиндустрия мен радионың және интернет пен электронды басылымдардыңөркендеуіміндеттер жүктеуде. Күн санап тілдік қолданыс аясына кеңінен еніп жатқан терминдердіңхалық игілігіне айналауына БАҚ үлесі ауқымды болады.

Тегтер: термин, терминология, Тіл-Қазына, сөзжасам, БАҚ
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

76

ақпарат

«Салалық терминдерді аударудың әдіс-тәсілдері» онлайн-семинары өтеді

221

ақпарат

Тұңғыш тіл форумы өтеді

149

ақпарат

Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті