Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлттық ұлан мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге көшті

25.9.2019 171
​Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында Ұлттық ұлан әскерінде де мемлекеттік тілді дамыту, жаңа әліпби негізінде оны оқып-үйренуге жағдай туғызу ерекше назарға алынған. Бұл тұрғыдағы шаралар биыл Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының қатысуымен сәуір айында Нұрсұлтан қаласында Ұлттық ұландағы мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандармен үлкен оқу-әдістемелік жиыннан бастау алған-ды.

Жиын барысында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми орталығының әдіскерлері Ұлттық ұландық тіл мамандарын қазақ тілін жаңа әліпби негізінде оқытудың қыр-сырларымен таныстыру үшін дәрістер өткізіп, өзара тәжірибе алмасты. Жиын соңында сертификаттар табысталды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жолында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде де қыруар жұмыстар атқарылуда. Құжаттар мен іс-қағаздарды жүргізуде, пәрмендерді беруде мемлекеттік тілге басымдық беріліп келеді. Онымен қоса осы жылдың мамыр айында әскери бөлімдерде өзге ұлт әскери қызметшілерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқау-сайысының 1-кезеңі, маусым айында өңірлік қолбасшылықта байқау-сайыстың 2-кезеңі ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтарлығы, сайысқа қатысушы өзге ұлт әскери қызметшілері өздерін биыл ерекше қырларынан көрсетіп, мол дайындықпен келгендіктерін дәлелдеді. Жеңімпаздар «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Биылғы жылы өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінде мемлекеттік тілді кириллицадан латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру жолында да қыруар жұмыс атқарылды. Әскери бөлімдердегі мемлекеттік рәміздер, қызметтер атаулары, көрнекі насихат құралдары біртіндеп латын графикасына ауыстырылуда, – дейді 28237 әскери бөлімі тәрбие бөлімінің офицері – тіл маманы аға лейтенант Айдос Байшағыров.

Және биыл қыркүйек айында Ұлттық ұлан әскерінде Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясының бастау алды. Осыған орай әскери бөлімдерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда, атап айтар болсақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында ақпараттық сағаттар, Елбасы сағаттары және жергілікті жерлердегі Тілдерді дамыту орталықтары, кітапханаларымен бірлестікте түрлі іс-шаралар өткізілуде. Әскери бөлімнің бөліністерінде Тіл мерекесіне қатысты қабырға баспалары жасалып ілінді. Онымен қоса өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің тіл мамандары жергілікті қалалардағы түрлі ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды.

Бәрін айт та бірін айт демекші, мемлекеттік тілді өркендету жолында жасалып жатқан бұндай жұмыстар осымен тоқтамақ емес. Биылғы атқарылған жұмыстардың көрсеткіші, яғни ұландықтардың мемлекеттік тілге қосқан үлес салмағы өткен жылдардағымен салыстырғанда біршама өскендігін байқатады

Тегтер: Тіл-Қызына, ұлттық Ұлан, әскери қызмет, мемлекеттік тіл
Авторы: Айнаш ЕСАЛИ

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

75

ақпарат

«Салалық терминдерді аударудың әдіс-тәсілдері» онлайн-семинары өтеді

221

ақпарат

Тұңғыш тіл форумы өтеді

149

ақпарат

Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті