Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Салалық терминдерді біріздендіру бұқарамен бірге талқыланды

20.9.2019 284
«Салалық терминологиядағы шеттілдік сөздердің қолданысы» тақырыбында онлайн-конференция өтті

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы termincom.kz сайтындағы электрондық алаңда онлайн-конференция өткізіп, «Салалық терминологиядағы шеттілдік сөздердің қолданысы» тақырыбын талқылады.

Конференцияның басты мақсаты салалық, шет тілінен енген терминдерді бұқарамен бірлесе отырып, біріздендіру мәселесін жан-жақты талдап, шешімін табу.

- Тіл өз қызметі аясында үздіксіз дамиды жəне даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бұл – тілдік құбылыс. Басқа тілден енген терминдердің тіліміздегі қолданысы бүгінгі терминологияның өзекті мәселесі болып саналады. Кірме терминдер қабылдаушы тілдің заңдылықтары əсерінен фонетикалық, грамматикалық жəне семантикалық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Кейбір терминдер тілімізге толығымен сіңіп кетсе, енді бірі төлтума тілдегі қалпын сақтап қалады. Дегенмен, шеттілдік терминдерді бірізге түсіру, қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне сәйкес икемдеп қабылдау бүгінгі күннің еншісінде,- дейді ф.ғ.к. Бақытгүл Дәулетбекқызы.

Онлайн-конференцияда белгілі лингвист-ғалымдар байланысқа шығып, салалық терминологиядағы шеттілдік терминдердің табиғаты мен ерекшеліктерін, қызметі мен қолданысын талқылады. Тікелей байланыста және әлеуметтік желі арқылы жұртшылықтан келген сауалдарға жауап берілді.

Тermincom.kz сайтының барша тіркелушілерін, тіл жанашырларын 25 қыркүйекте сағат 10:00-де өтетін «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» әдістемелік онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз.

Тегтер: онлайн, онлайн-конференция, Тіл-Қазына, термин
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

73

ақпарат

«Салалық терминдерді аударудың әдіс-тәсілдері» онлайн-семинары өтеді

219

ақпарат

Тұңғыш тіл форумы өтеді

149

ақпарат

Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті