Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БАҚ кеңістігіндегі терминдер талқыланады

18.9.2019 316
​«БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» әдістемелік онлайн-семинар.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 25 қыркүйекте «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында әдістемелік онлайн-семинар өткізеді.

Кез келген елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуын насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше орын алатыны белгілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуі мен дамуында да БАҚ рөлінің айрықша екендігі анық.

Осы орайда республикалық БАҚ өкілдері, белгілі лингвист-ғалымдар, журналистер бірлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдары кеңістігінде қолданылатын терминдердің табиғаты мен ерекшеліктері, мемлекеттік тілде ақпарат тарату, соның ішінде тіл нормасының сақталуы, сөйлеу мәдениеті, терминдердің бірізді қолданылуы, БАҚ тілі категориясы мен тәжірибесінің сәйкестілігі мәселелерін талқылау көзделіп отыр.

Онлайн-семинарда «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы Қайнар Олжай Қалиақпарұлы (Нұр-Сұлтан), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к. Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы (Нұр-Сұлтан), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Медеубек Сағатбек Медеубекұлы (Алматы), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Әділова Алмагүл Советқызы (Қарағанды), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Филология факультетінің доценті, ф.ғ.к. Қарағұлова Балкенже Сағидуллақызы (Ақтөбе), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Шурентаев Амангелді Мейрамұлы (Қостанай) баяндама жасап, БАҚ кеңістігінің қордаланған мәселелері төңірегінде ой өрбітеді.

Онлайн-семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленетін болады.

Онлайн-семинардың басталуы: сағат 10.00.

Байланыс телефоны: 8(7172) 27-30-42, 8702-384-02-77

Тегтер: семинар, онлайн, ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

76

ақпарат

«Салалық терминдерді аударудың әдіс-тәсілдері» онлайн-семинары өтеді

221

ақпарат

Тұңғыш тіл форумы өтеді

149

ақпарат

Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті