Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жас ақындар байқауы өтті

16.9.2019 236
Павлодарда «Мен жастарға сенемін!» атты жас ақындар мүшәйра-конкурсы өтті.

ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шеңберінде және Жастар жылына орай ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Мен жастарға сенемін!» атты жас ақындар мүшәйра-конкурсының марапаттау рәсімін өткізді.

Конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу және қолдау.

Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Жыр додасында облыстың жас ақындары бақтарын сынады. Әділқазылар алқасы 15 қатысушыны конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Бәйгеде Ақтоғай ауданы Қараоба жалпы орта білім беру мектебінің ұстазы Ерболат Нұқ өз қарсыластарынан озып, І жүлделі орынды иеленді. ІІ орынға Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернатының оқушысы Ахат Сания Таңатқызы, ІІІ орынға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті Тілепбергенова Дана Маратқызы ие болды.


Тегтер: Павлодар, ақын, байқау, конкурс, жас ақын
Авторы: Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

75

ақпарат

«Салалық терминдерді аударудың әдіс-тәсілдері» онлайн-семинары өтеді

221

ақпарат

Тұңғыш тіл форумы өтеді

149

ақпарат

Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті