Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы клавиатураларды апробациядан өткізді​

2.9.2019 958
Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігіің тапсырмасын іске асыру мақсатында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында латын графикасында әзірленген клавиатураларды апробациядан өткізді.

Апробация жұмыстары облыста ағымдағы жылдың 19-тамызынан басталды. Сынама Тілдерді оқыту орталығының базасында ұйымдастырылды.

Апробацияға әртүрлі сала өкілдері қатысты. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, білім мен мәдениет саласы, әскери және құқық салалары, банк қызметкерлері, IT-мамандары, барлығы 627 адам сынама жұмыстарына қатысып, клавиатураларды жұмыс барысында пайдаланудың тиімділігін анықтады.

Сондай-ақ апробацияға басқарма мен тілдерді оқыту орталығының әлеуметтік желідегі ақпараттарынан хабарланып, өз ынтасымен сынама жұмыстарына қатысқан тұрғындар да бар. Бұл латын графикасындағы жаңа әліпбиге деген облыс тұрғындарының оң көзқараста екенін білдіреді.

Сынама жұмыстарына қатысқандардың басым бөлігі – жастар (21-40 жас аралығы).

Апробацияға қатысқан респонденттер клавиатура бойынша кездескен кемшіліктер туралы өз ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстар өз кезегінде тыныс белгілері мен жиі қолданылатын әріптердің орналасу ретіне байланысты келтірілген.

Жалпы сынама жұмысына қатысқандар клавиатураны негізінен ыңғайлы деп тапты. Клавиатураны жетілдіру бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жолданды.

Тегтер: пернетақта, клавиатура, Ақтөбе, латын
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

455

ақпарат

Клавиатура – "тілтақта" немесе "пернетақта", терминдерді ұлт тіліне икемдеген дұрыс па?

92

ақпарат

Ақтөбе облысында онлайн курс өтеді

55

ақпарат

Батыс Қазақстан облысында онлайн оқыту курсы өтеді