Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлықбек Есдәулет: Тұңғыш форум тың тақырыптарға жол ашады

29.8.2019 903
Тәуелсіздік алғаннан бергі уа­қытта аңсаған азаттығымызды өзі­міз көбірек қызықтап, өз қаза­ны­мызда өзіміз көбірек қайнап қал­дық. Экономика мен саясатқа көбі­рек көңіл бөлінді. Әдебиетке назар аудару жағы кенжелеп қалғанын да жасырмаймыз. Дегенмен, Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан кейін әдеби де, мәдени де өмірімізде үлкен сер­пі­ліс пайда болды.

Былтырдан бері қарай Қазақ­стан Жазушылар одағының тікелей бастамаларымен қазақ әдебиетін халықаралық кеңістікке шығару бо­йынша жоспарлы жұмыстар жүзеге асып келеді.

Былтырдың өзінде Нұр-Сұлтан қаласының жиырма жылдығына арнал­ған халықаралық поэ­зия фестивалі, Еуразия жазушылары­ның форумы, сондай-ақ биыл та­­рих­тан белгілі ұлы Жібек жо­лы бойындағы астаналар қалам­герлерінің форумы өтті. Оған 25 елден ақын-жазушы қатысты. Мұ­ның бәрін біз неге айтып отыр­­мыз, аталған ауқымды шара­лар­дың барлығы алда келе жат­қан тұң­ғыш халықаралық Азия қа­лам­­герлерінің І форумына да­йын­­дық есебінде болды десек қателеспейміз.

Ел тарихына үңілсек, осыдан тура 46 жыл бұрын сонау Кеңес өкіметі тұсында Азия-Африка жазушыларының 5-ші конференция­сы Алматы қаласында өткен болатын. Бұл форумның ол форумнан басты ерекшелігі де сол, өткен кезеңде ол конференцияға тек қана социалистік-демократиялық республикалардың қаламгерлері шақырылған болатын.

Бұл жолғы жиында ондай сая­си шектеулер мүлдем болмайды. Біз Азияның 44 мемлекетінің барлығына шақырту жібердік. Солардың ішінен 38 мемлекеттен 80-ге жуық қаламгер елімізге келіп, форумға қатысуға ықылас танытты. Әрине шақыртуымызға үн қатпаған елдер де бар, оларды атап айтуға да болады. Айталық Шығыс Тимор, Бахрейн, Бутан, Камбоджа, Мальдив сияқты елдердің қаламгерлерімен өкі­ніш­ке қарай, байланыс орната ал­мадық.

Жалпы, келетін қонақтардың тізіміне Нобель сыйлығының лау­­реат­тарын да қосқан болатын­быз. Олардың кейбіреулері ірі көлемде қаламақы сұрады. Ондай қаражат төлеуге біздің жағдай көтермейтінін жасырмауымыз керек. Алайда Нобель сыйлығына номинант белгілі 3 ақын-жазушы аталған форумға қатысады. Олар­дың ішінде оңтүстіккореялық жазушы Ко Ынды ерекше атап кетуге болады. Сонымен қатар Нобель номинанты, Қатар жазушысы Моза әл-Малки де форумға құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Жалпы, осынау игі істің шы­­мыл­дығын түріп, шараны ашып беруге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысады деп күтілуде. Дайындық жұмысына Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин бастаған, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жұ­дырықша жұмылып, шараға мән беріп, қолұштарын созып отыр. Форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір топ шетел­дік қаламгерді қабылдауы жос­парланып отыр.

Жалпы, жиында қозғалатын мәселелер негізінен «Қазіргі Азия өркениетіндегі әдеби пано­рама» тақырыбы айналасында өр­биді. Пікір алмасу мәжілісінде Азия әдебиеті және жаһандық мәселелер, Азия жазушысының бүгінгі қоғамдағы орны, Азия ро­ман­дарындағы қазіргі заманауи тақырыптар, әлемдік әде­биеттегі Азия адамының бейнесі, Азия ақын­дары поэзиясындағы жаңа ағымдар және әдемдік әдебиетке әсері сияқты, әдебиеттегі жалғыз­дық тақырыптары, жоғалып бара жат­қан жанрлар мен баяндау тәсіл­дері, қару мен қалам, даму мен сенім, жоғалған тілдер мен ұлттық әдебиеттер, тероризммен күрестегі әдебиет рөлі сияқты көптеген та­қы­рып қаузалады.

Бұл тақырыптардың біразын біз ұсынып, кейбіреуін шетелдік баяндамашылардың өздері өтінді. Олар­дың материалдарын форум өткеннен кейін оқырман қауым наза­рына газет-журналдар арқылы ұсынатынымызды айта кеткен жөн.

Жалпы, форум қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен ақындар аллеясы ашылып, форумға қатысатын қаламгерлердің екі том­дық антологиясын жарыққа шы­ғару жоспарлануда.


Тегтер: форум, ақын, жазушы, жазушылар форумы
Авторы: Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

154

ақпарат

Жаңа әліпби емлесі, әдістемесі мен халықаралық тәжірибелер талқылануда

549

ақпарат

​«Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» атты конференция өтеді

159

ақпарат

Әдістемелік семинар өтеді