Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Үздік сабақ" байқауы

16.8.2019 1827
​БАЙҚАУ! Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, оқыту методикасын дамытуға үлес қосуға шақырамыз!

«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Үздік сабақ» байқауын жариялайды.

Байқау мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ тілін оқытудың креативті тәсілдерін қолданған сабақ авторы байқау жеңімпазы болады және үздік сабақ тәжірибеден өткізіліп, оқыту орталықтарында жүйелі методикаға айналады.

Байқауға республикалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мектеп мұғалімдері және тіл үйретуші мамандар қатыса алады.

Байқау ережесі:

Байқауға қатысу үшін жазбаша өтінім мен сабақ үлгілері 2019 жылдың 17 қазанына дейін (tilalemi.kz@gmail.com электронды поштасына) қабылданады.

Сабақтардың видео, аудио немесе «Word» форматындағы электрондық нұсқасы (байқауға қатысушы 1-2 материал ұсына алады) жолдануы тиіс;

Көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім байқауға қатыстырылмайды.

Орталыққа ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Қорытынды ережелер:

Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін білікті тіл мамандары мен ғалымдардан қазылар алқасы құрылады. Оның құрамын Орталық анықтайды. Сонымен қатар портал арқылы дауыс берген оқырмандардың да пікірі ескеріледі.

Байқауға қатысушыларға алғысхат, жүлдегерлерге дипломдар электронды түрде табысталады.

Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және http://tilalemi.kz сайтында жарияланады.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-71-33


«Үздік сабақ»

республикалық байқауын өткізу

жөніндегі қағидаларға қосымша

«Үздік сабақ» республикалық

байқауына қатысу үшін өтінім

Т.А.Ә. _______________________________________________________

Жасы _______________________________________________________

Жынысы____________________________________________________

Білімі________________________________________________________

Жұмысы______________________________________________________

Мекенжайы___________________________________________________

Байланыс телефондары_________________________________________

Қосымша ақпарат _____________________________________________

Күні______________________ Қолы_________________

Тегтер: Үздік сабақ, байқау, методика, мұғалім, курс, тіл үйрету курсы
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

10

ақпарат

Әдістемелік семинар өтеді

55

ақпарат

​Мемлекеттік тілді меңгертудің үздік тәжірибелері талқыланады

57

ақпарат

​БАНК саласы терминдері талқыланды

Страница не найдена

Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Страница не найдена