Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Абайдың "жаңа" өлеңдері жинаққа енді

5.8.2019 356
Биыл – ұлы ақынның мерейтойы. Семейдегі Абай кітапханасында ғалым Асан Омаровтың «Абай жаңаша үлгідегі басылым» атты 2 томдық кітабының тұсаукесері өтті. Қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының ұмытылып бара жатқан шығармалары жинақталып, қайта жарық көрді.

Көптомдық еңбектің басты ерекшелігі – Абай шығармаларының қайсысы қай жылы жазылғаны нақты деректермен дәлелденіп, жазылған. Осы кезге дейін Абайдың өлеңдерінің ұзын-саны 170-тен астам деп көрсетілсе, абайтанушы Асан Омаров шығармалардың нақты саны 195 екенін дәлелдеген. Ғалым Асан Омаров ақынның шығармаларын қайта жаңғыртты. Соның бірі – «Жаңа закон» өлеңі. Шығарманы алғаш рет Омбы архивінен академик Әлкей Марғұлан тапқан. Бірақ сол кездегі саяси жағдайға байланысты 34 шумақты өлең жайлы дау бітпейді. Соңында филологиялық кеңес ұлы ақынның «Жаңа закон» өлеңін ұмыт қалдырады. Абайтанушы Асан Омаров ақ-қарасын дәлелдеген. Қазақ қоғамындағы жемқорлық, рухани құлдырап бара жатқан ел тағдыры туралы ойлар ұлы ақынның көзқарасымен үйлеседі. Осындай 175 шығарма табылған.

Зерттеушінің айтуынша, соңғы жылдары классиктің 10-15 жаңа өлеңі табылған.

– «Жаңа закон» өлеңнің маңыздылығы – 1878 жылы Абай сотты болғаннан 1883 жылдың арасы бос қалды. Не өлең жоқ, не бір ешқандай аудармасы жоқ сияқты болып қалған. Осы бес жылда Абайдың ғылымды меңгеріп, орыс жолдастарымен кездесіп өлеңді жазғаны анықталып отыр. Абайдың өлеңі екеніне ешқандай күмән жоқ. Ең соңғы бес шумағы, әсіресе, Абайдың өзінің тергеуде отырған кезін суреттеп береді, – дейді ғалым 24 арнасы берген сұхбатында.

Асан Омаровтың абайтануға арнаған 20 жылдық жұмысының нәтижесі қазақ әдебиетін тың деректермен толықтырды. Ғалымның екі томдық еңбегі бар болғаны 100 данамен автордың өз қаражатымен жарық көрген.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қос томдықты көбейтіп шығаруға қаржы қажет.

Тегтер: Абай 175 жыл, Абай Құнанбаев, Абай, Абай өлеңдері, Семей
Авторы: Нұрбек Бақыт, "Айқын" газеті

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

164

ақпарат

Тұңғыш рет тіл форумы өтеді

52

ақпарат

«Іс жүргізу және аударма» атты облыстық семинар өтті

146

ақпарат

Атауларды таңбалауға арналған онлайн семинар өтті