Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ашық әдістемелік дәріс өтті

27.6.2019 438
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығын насихаттаушы топ өкілдері бүгін Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғындарымен және Тараз қаласында тіл мамандарымен кездесті.

Мәнді басқосуға көрнекті жазушы С.Елубай, қоғам қайраткері О.Асанғазы, ғалымдар Ж.Смағұлов пен Ж.Ағабекова қатысты. Олар аудан жұртшылығына қазақ әліпбиінің маңызы мен жаңа емле-ережелерінің мазмұнын түсіндіріп, ұлттық жазудың болашағы туралы жан-жақты ақпарат берді.

- Түркі жазуының бастауы Орхон-Енисей жазуы. Жамбылдықтар, сіздер, мақтана аласыздар, Тараздың да өз жазуы болды. Одан кейін араб жазуына көштік, сосын латынға ауыстырды. Одан кейін кирилге бір демде ауысқанымызды білесіздер, енді міне қайта латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне қайтадан ауысып жатырмыз. Біздің орхон таңбасында да, араб қарпінде де, Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуында да әріп саны 29-дан асқан емес. 1940 жылы Сталин көмекейімізден шықпайтын 13 әріпті көмейімізге тығып, бізді қазақы қалпымыздан алыстатты. Елбасы тапсырмасымен міне өзіміздің төл әліпбиімізді жасап дайындадық. Бұл алфавитті жасауға төрт жұмыс тобы атсалысты. Бүгін сол топ мүшелері жаңа әліпбидің емле-ережесін түсіндіру үшін алдарыңызда отыр,- деді Оразкүл Асанғазықызы.


Бұдан кейін Жазира Ағабекова жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне кеңінен тоқталып, тұрғындар сауалына жауап берді.

Ал Тараз қаласындағы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде "Мектептен бастап зейнетке дейін..." атты ашық әдістемелік дәріс ұйымдастырылды. Әдістемелік дәрістерді Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Г.Мамырбек, Орфография басқармасының басшысы Анар Фазылжанова мен Әдістеме басқармасының басшысы Айнұр Сейітбекова жүргізді.

Ғалымдар республиканың барлық облыстарынан келген мамандарға және мұғалімдер мен әдіскерлерге қазақ әліпбиінің маңызы мен жаңа емле-ережелерінің мазмұнын түсіндіріп, түрлі тапсырмаларды бірге орындады. Емле ережелері бойынша ғылыми әдістемелік көмек көрсетілді.



Тегтер: Тараз, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, насихат тобы
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

85

ақпарат

Жаңа әліпби емлесі, әдістемесі мен халықаралық тәжірибелер талқылануда

451

ақпарат

​«Жаңа әліпби: емле, әдістеме және халықаралық тәжірибе» атты конференция өтеді

109

ақпарат

Әдістемелік семинар өтеді