Бір күндік жалақысын аударды
Еске салайық, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың тапсырмасымен бір топ өнер адамдары Арыстағы зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге аттанған болатын. Олардың қатарында "Дос-Мұқасан" тобының мүшелері, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Майра Ильясова, Сәкен Майғазиев, Гүлзира Айдарбекова, Шакизада және т.б. өнер майталмандары бар.
Сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың жанынан штабтар құрылды. 27 маусым күні Арыс қаласына «Арыс, біз біргеміз!» гуманитарлық көмек керуені жөнелтіледі. Танымал мәдениет және спорт қайраткерлері халықтың рухын көтеріп эвакуацияланған тұрғындар мен әскерилерді қолдау мақсатында Арыс қаласына аттанатын болады.
Айте кетейік, Түркістан облысы Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыс әкімдігі жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуға болады.
Анықтама үшін «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттерін газет оқырмандарының назарына ұсынамыз:
Түркістан облысы
Түркістан қаласы,
Қызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,
Пошта индексі 161200
БСН (БИН) 100440016000
«ForteBank» АҚ
Түркістан қаласындағы филиалы
ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540
БСК (БИК) IRTYKZKA
Қайырымдылық көмек ретінде аударылған қаражат «Түркістан» әлеуметтік даму қорының корпоративтік картасына да қабылданады: 4042 4583 0000 0843 DAURENBEK KURBANIYAZOV
Қор директоры: Құрбаниязов Дәуренбек +77718933536
Баға беріңіз