Павлодарда республикалық дәріс-семинар басталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

11 маусым, 2019

Бүгін Павлодар қаласында "Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны" атты республикалық шара басталды. Түске дейін өткен отырыста Павлодар облысының барлық аудандарынан келген қазақ тілінің мамандары, орта, жоғары оқу орындарының мұғалімдері қатысты. Қазақ әліпбиі тарихы, жаңа емле ережелерінің жаңалықтары тыңдаушыға жеткізілді. Павлодар облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Сәуле Османова, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының әдістеме басқармасының басшысы Айнұр Сейітбекова, "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Сәлима Кенжемұратова тыңдаушыларға латыннегізді қазақ әліпбиінің маңыздылығын түсіндіріп өтті. Ертең тыңдаушыларға біліктілік сертификаттары табыс етіледі.


Баға беріңіз