Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа әліпби негізіндегі емле мен пунктуациялық ережелер мәселелері

3.6.2019 735

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Тіл-Қазына» орталығы) 2019 жылдың 31 мамырында Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасының мәжіліс залында ««Жаңа әліпби негізіндегі емле мен пунктуациялық ережелер мәселелері» атты Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың (бұдан әрі – Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топ) отырысын өткізді.

Семинардың мақсаты жаңа әліпби негізінде жасалған емле мен пунктуациялық ережелерге қатысты мәселелерді талқылау және сараптау болды.

Семинарға Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топ мүшелері құрамындағы ғалымдар мен депутаттардан тыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан (бұдан әрі – Тіл білімі институты), сонымен қатар еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарынан да сарапшы ғалымдар шақырылды.

Семинар барысында «Тіл-Қазына» орталығына жолданған емлеге қатысты ұсыныс-пікірлер талқыланды, емле ережесін үйретуге қатысты жүргізіліп жатқан оқыту курсына қатысты алғашқы тәжірибе баяндалып, 26 сәуірде өткен отырыстағы емле ережесіне қатысты ұсынылған сын-пікірлерге контенттік талдау жасалды, пунктуациялық ереже жобасы таныстырылып, талқылауға ұсынылды. Бұл ретте емле ережесіне қатысты «Тіл-Қазына» орталығы Орфография басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова, ал пунктуациялық ережелерге байланысты Тіл білімі институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Қаламқас Қалыбаева баяндама жасады.

Тегтер: Емле ережесі, латын графикасы, жазу сауаттылығы, орфография, орфоэпия, пунктуация
Авторы: Tilalemi ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

84

ақпарат

Жаңа әліпбиді оқыту әдістеріне байланысты онлайн семинр өтті

115

ақпарат

Ұлт тілі мен әліпбиі

291

ақпарат

Тұңғыш рет тіл форумы өтеді