Қазقاز        
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҮШ ТІЛДІЛІКТІ ІЛГЕРІЛЕТУ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ БАСТАЛДЫ

8.4.2019 581

Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның «Мемлекеттік тілді меңгеру» бағытын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27-р өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында 2019 жылғы 8 сәуір – 27 қыркүйек аралығында өтетін үш тілді білім беруді ілгерілету семинарлары басталды.

Шараның мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің үш тілде жазу және сөйлеу құзыреттіліктерін интенсивті-тренингтік біліктілікті арттыру семинарлары арқылы жетілдіру, латыннегізді жаңа әліпбидің құрылымымен және ерекшеліктерімен толықтай таныстыру, ресми стильдің жаңа орфографиялық нормаларын меңгерту, тыңдаушылардың латын графикасымен ресми мәтіндерді оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру.

2019 жылы ұсынылып отырған жаңа форматтағы оқытудың артықшылығы – мемлекеттік қызметшілердің латын графикасымен ресми мәтін құрастыру, аналитикалық-сараптамалық қорытындылар, талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.

Шараға Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Гүлфар Мамырбек және Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Мәрияш Дәрмен қатысты. Семинар басында орталықтың ғалым-хатшысы құттықтау сөзбен бастап, шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.

Тегтер: Емле ережесі, латын графикасы, жазу сауаттылығы, орфография, орфоэпия
Авторы: Tilalemi ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

39

ақпарат

«Көркемсөз оқу шеберлері» конкурсы қорытындыланды

57

ақпарат

Терминологиялық жұмыс тобының отырысы өтті

80

ақпарат

Әдістемелік онлайн-семинар өтеді