Таразда тренерлерге арналған дәріс-семинар басталды

Tilalem.kz

Tilalem.kz

14 наурыз, 2019

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 14 наурыз күні Тараз қаласында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында латыннегізді қазақ жазуын меңгертуге бағытталған Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) дайындайтын дәріс- семинар өтті.

Республика көлеміндежаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор.

Дәріс-семинар мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын,емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Тыңдаушығақазақ әліпбиінің қысқаша тарихы,графикасы мен құрамы,әріп-фонема арақатынасы,қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат берілді. Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар менәдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылды.

Семинарға өңірдің оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері, БАҚ, баспа қызметкерлері қатысты.


Баға беріңіз