«Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» республикалық семинары

Шымкент қаласы 2017 жылғы 2 маусым
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Астана даңғылы 10, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің үлкен мәжіліс залы
Басталуы: сағат 10.00.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, Шымкент қаласында 2017 жылғы 2 маусымда «Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.
Іс-шара барысында өңірлердегі ономастикалық ахуал, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері қаралатын болады.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардағы облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 8747 728 5800, 87017950243, 40-83-93.