Филология факультетінің студенттеріне Тіл корпусына арналған ғылыми семинар өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 сәуір, 2024

 

Ғылым күніне орай “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығы филология факультетінің студенттеріне арнайы онлайн-семинар өткізді.
Ғылыми-танымдық семинарды орталықтың ғылыми қызметкерлері Мадина Серікболсынқызы мен Дана Жаңабекқызы жүргізді. Басқосуда ғылыми орталық әзірлеген заманауи технологиялар мен “Тіл-Қазына” тіл корпусының практикалық ерекшеліктері түсіндіріліп, таныстырылды.
Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың, Шәкәрім университетінен жалпы саны 150-ге жуық студент қатысты.


Баға беріңіз