Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқу

Тіл және қоғам №2 (46)/2017

Журнал

Сипаттама

Алаш қайраткерлері тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының қазақ тіліне сіңірген осындай өлшеусіз тарихи қызметі – бүгінде қазақ тілінің тұтас ұлт тілі ретінде қалыптасуына, әдеби тіл ретіндегі байлығы мен мүмкіндігінің еселенуіне, білім мен ғылымның тіліне айналуына, қатынас пен басқару тілі болуына негізгі алғышарттар жасады десек, онда біз мемлекет пен ұлт тарихы мен тағдырындағы тілдің маңызын айтқанда қазақтың азаттығы үшін күрескен буынның еңбегін аса құрметпен атағанымыз жөн. Құрметтің зоры – аманатты орындау. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы қызметі бізге осындай аманат жүктейді.

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз