Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқу

Туған тіл №1 (30), 2017

Журнал

Сипаттама

Құрметті оқырман! Сіздерді жаңа, 2017 жылмен құттықтаймын. «Биыл да қазақ халқы үшін берекелі де, мерекелі жыл болсын!» деп, басылымның бұл санын Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнадық. Өткен жылдың соңғы саны да осы мерекеге арналған еді. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерекесін бір ғана нөмірмен шектегіміз келмеді. ХХІ ғасыр – қазақ үшін арманы орындалған, бауыры бүтінделген алтын ғасыр болды. Өткен ғасыр қазақ халқының басына бірнеше нәубет әкелген еді. Атап айтсақ: ақ пен қызылдың қырғыны, қолдан жасалған ашаршылық, көзі ашық, кіл жақсыны «халық жауы» еткен саяси репрессия, Ұлы Отан соғысы – осының барлығы қазақ халқын тарих бетінен жойып жібере жаздады. Құдайға шүкір, қазақ жойылмады, керісінше, «ҚАЗАҚ» аты жарқырап, бүкіл әлемге таныла түсті. Осыған орай «Тәуелсіздігіміз баянды болсын!» деген ниетпен Елбасымыздың Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойында жасаған «Ұлы даладағы мыңжылдық тарихтың жаңа дәуірі» атты баяндамасын жариялап отырмыз. Тағы бір жаңалығымыз – биылдан бастап «Алашқа – 100 жыл» деген айдармен әр нөмірге алаш арыстарына қатысты мақала беріліп тұрмақшы. Сонымен қатар Иран елінен келген қандасымыз, профессор Ислам Жеменейдің «Ауған қазақтарының қилы тағдыры» атты мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз. «Туған тіл» альманахы шетелдегі қазақ диаспорасын ғана емес, шетте туып, бүгінде атажұртқа оралған, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген қазақ зиялыларын да насихаттап келеді. Сол себепті бұл нөмірімізден Қаржаубай Сартқожаұлының 70 жасқа толуына арналған мақаланы да оқи аласыздар. Альманах Қазақстан оқырмандарымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасына да арналғандықтан, бірқатар мақалаларды латын және төте жазумен береміз. Ресей қазақтары үшін қазақ тіліндегі мақала орыс тіліндегі аудармасымен беріледі. Шеттегі қазақ үшін бұл да – тіл үйренудің бір жолы. Құрметті оқырман, биылғы маусым айында Астанада Әлем қазақтарының V Құрылтайы өтпекші. Сондықтан келесі нөміріміз Құрылтайға арналады. Құрылтайда аман-есен жүздескенше, ағайын!

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз