Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқу

Қазақстан Республикасы. Елді мекен атаулары. Қазақша-орысша-ағылшынша анықтамалық

Қазақ тілі

Сипаттама

Бұл анықтамалық мемлекетіміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына және Елбасы жария еткен «Тілдердің үштұғырлылығы» идеясы мен ҚР «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне сай әзірленіп отырған еңбек. Сонымен қатар, бұл үштілді анықтамалық еліміз өткізгелі отырған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ететін, халықаралық айналым мен әлемдік ақпараттық кеңістікте онимдік атауларымыздың бірізді стандартқа сай жазылуында басшылыққа алынатын пайдалы құрал болмақ. Бұл сөздіктің басты мақсаты – республикамыздың облыс, аудан, сондай-ақ, ірілі-кішілі қалалары мен елді мекендері атауларының мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілдерінде бірізді дұрыс жазылуын көрсету. Анықтамалық әуелі қазақ тілінің әдеби нормасына сай орыс, ағылшын тілдерінде, жалпы латын графикасы негізінде, бірізді, сауатты жазылуын қажет ететін Қазақстанның қала, елді мекен атауларының еліміздегі және шетелдердегі барлық басылымдық, электрондық, автоматтандырылған ақпарат көзі есептеледі. Сонымен қатар, республиканың мемлекеттік басқару, әкімшілік органдары, министерстволар мен ведомстволар; Қазақстанның және жақын, алыс шетел картографиялық, геодезиялық қызметтеріне халықаралық атлас, карта, анықтағыштар құрастыру үшін; білім беру саласына (оқулықтар үшін); БАҚ және т.б. құжаттау орындарына арналады. Сондай-ақ, шетелдік қонақтарға, барша жұршылықтың пайдалануына беріледі.

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

Ғылымдағы ғұмыр 2-том
Әбдуәли Қайдар
Ғылымдағы ғұмыр 3-том
Әбдуәли Қайдар
Ғылымдағы ғұмыр 5-том
Әбдуәли Қайдар
Ғылымдағы ғұмыр 6-том
Әбдуәли Қайдар