Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқу

Шығармалары. 3-том

Медеу Сәрсеке
Қазақ әдебиеті

Сипаттама

Осы кітапта шерлі тағдыры сөз болатын бес ағайынды Қадылбековтердің алғашқы екеуі – Кодаленко атанған Нұрғали мен Мерғали – өз заманында мемлекеттік қыруар еңбектерімен күллі Қазақстан атырабына танылған айтулы қайраткерлер. Амал қанша, қызыл репрессияның тасдөңбегі екеуін де орта жасқа жеткізбей құртқан. Деректі жанрға әуей жазушы олар туралы ұзақ ізденіс жасап, мұрағат деректері мен замандастарының естеліктері арқылы сол тұлғаларды ел тарихына қайтарып отыр. Эссе түрiнде қағазға түскен екінші хикаят, «Мен білетін Ер Ғабең» деген атынан-ақ аңғарылып тұрғандай, 1960-70 жылдарда аралас-құралас болып, шәкірт ретінде жақын-жуық жүріп, ғұмыр жолын, жазушылық өнерін, азаматтық ділін жете таныған көркем сөздің хас шебері Ғабит Мүсіреповтің өміріндегі ұлағатты оқиғаларды саралап өрнектеуімен дараланады. Деректі эсселердің де оқырманға әсері өзгеше болар деген үміттеміз.

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

Қазақтың 100 поэмасы
Ж.Аймұхамбет, А.Əлімұлы
Майраның әні
Асанәлі ӘШІМҰЛЫ
Қазақтың 100 поэмасы 2-том
Ж.Аймұхамбет, А.Əлімұлы