Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқу

Серпер сезім

Өтеген Оралбаев
Қазақ әдебиеті

Сипаттама

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ақпарат құралдары саласындағы Елбасы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, белгілі ақын, көрнекті журналист ӨТЕГЕН ОРАЛБАЙҰЛЫНЫҢ бұл жинағында ұлтымыздың зиялы қауымының атақты да белді өкілдері, мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлері туралы жүрекжарды сезіммен, інілік ізетпен, ақындық жүрекпен, азаматтық тілекпен жазылған естеліктер мен эсселер, сұқбаттар мен сырласулар, толғаныстар мен толғаулар топтастырылған. Ағымдағы ақпарат беттерінде жарияланып, оқырмандардан әрдайым оң бағасын алған бұл материалдарда халқымыздың бойындағы игі де ізгі қасиеттер, озық салт-дәстүрлер мен ел болашағын тереңнен ойлап, әріден қозғаған ойлар мен пікірлер, толғаныстар мен аманаттар жүрдек қалам, жарқын ниеттің нәтижесінде жарасымын тауып жазылып, ашық пейілмен алдарыңызға жайылады. Жинақ ізденімпаз жас толқынға, осы саланың мамандарына, жалпы көпшілікке айтар ойымен, ұсынар бағытымен, жеткізер жаңалығымен құнды боларына күмән жоқ. Автордың көркем тілі, жазу мәнеріндегі ақындық сезім мен азаматтық болмысы жинақты көркемдік-идеялық биіктен көрсетеді.

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

Қазақтың 100 поэмасы
Ж.Аймұхамбет, А.Əлімұлы
Майраның әні
Асанәлі ӘШІМҰЛЫ
Қазақтың 100 поэмасы 2-том
Ж.Аймұхамбет, А.Əлімұлы