Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқу

Абайдың сөз өрнегі

Рәбиға Сыздықова
Қазақ тілі

Сипаттама

Кітапқа «Абайдың сөз өрнегі», «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты зерттеулері еніп отыр. Абай тілінің көркемдік бітімі, «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмайтын сөз өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісі, ондағы дәстүрлі нормалары мен Абай ұсынған жаңалықтар танылады. Абайдың поэтикалық тіл үлгісінің жалғасын тапқандығы Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдерін ішінара талдау арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ ғылыми ойларды одан әрі ширата түсу мақсатында кітаптағы негізгі тақырыпқа үндес, әр жылдары жарық көрген Абай шығармашылығына қатысты мақалалар да беріліп отыр. Кітап Абайдай сөз алыбының «жүрекке жылы тиетін» көрікті тіліне сүйсіне түскісі келетін студенттер мен ұстаздарға, сондай-ақ поэтикалық тіл дегенді танытушы ақын-жазушылар мен ғалым мамандарға арналады.

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

Ғылымдағы ғұмыр 2-том
Әбдуәли Қайдар
Ғылымдағы ғұмыр 3-том
Әбдуәли Қайдар
Ғылымдағы ғұмыр 5-том
Әбдуәли Қайдар
Ғылымдағы ғұмыр 6-том
Әбдуәли Қайдар