Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқу

Тіл және қоғам №4, 2015

Журнал

Сипаттама

Адамзат қоғамының саналы түрде сабақтаса, араласа тіршілік етуінің өміршең құралы, халықтың «менінің», ұлттық ділінің арқауы – тіл дейтін болсақ, онда адам баласы ұлтына, жеріне, тарихи дамуына, қауымдасуына, діліне қарай дербес мемлекеттер болып өмір сүріп жатқанда тіл мәселесінің мазмұны да, мәні де артпақ. Жалпы, мемлекетішілік қатынас құралына айналған тіл үлкен саяси мәнге ие. Яғни, тіл өзіне тән табиғи қызметтерімен бірге ендігі тұста аса маңызды елдік, мемлекеттік қызметті де атқарады. Нәтижесінде, мемлекет ішінде тілдің біріктірушілік, басқарушылық, реттеушілік маңызы артады. Сөйтіп, әлеуметтік құбылыс ретіндегі тіл ірі қоғамдық һәм саяси құбылысқа айналады. Оны «мемлекеттік» немесе «ресми» тіл деп атап жүрміз.

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз