Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Оқу

Тіл және қоғам №1, 2015

Журнал

Сипаттама

Біраздан бері көз жазып қалған «Тіл және қоғам» альманахы тағы да өздеріңізге қарай жол тартты. Бұл жолғы оның шығарушысы Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы болып табылады. «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады» деп П.Мелиоранский баға бергендей өзінің кемелдігімен, тереңдігімен, байлығымен, ойлылығымен ерекшеленетін ана тіліміз – ұлтымыздың қымбат қазынасы, халқымыздың баға жетпес байлығы. Қазақ тілі – еліміздің тарихын, батырларымыздың ерлігін, бабаларымыздың шешендігін бойында сақтап қалып, сол қалпында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген асыл шежіреміз. Сіздер бұл альманах беттерінен елімізде мемлекеттік тілді дамыту саласындағы сындарлы саясатпен, осы бағытта атқарылып жатқан ауқымды істермен танысасыздар. Сонымен қатар өңірлік тіл оқыту орталықтарындағы жағымды жаңалықтар мен озық әдістемеліктер осы басылым бетінен орын алатын болады. Сол секілді қазақ тілінің сан қырын танытатын аталы сөз, астарлы әзіл, өрнекті өлең, көркем әңгімелерді де алдағы уақытта осы альманах бетінен жиі кездестіретін боласыздар. Сонымен біз Сіздерді тек оқырман ғана емес, ортақ іске белсене атсалысатын авторымыз да болады деп сенім білдіреміз. Ендеше іске сәт, ардақты ағайын!

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз