Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Орта

Жоба туралы

«Тіл әлемі» порталы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша әзірленген.

Ана тіліміздің кеңге қанат жайып, туған тілінде толғамы мен толғанысы, ойы мен өзегі, өткені мен бүгіні баян болатын теңдесі жоқ таңдаулы, алғашқы жоба - «Тіл әлемі» порталы Қазақ елі үшін өнімді жұмыс жасайды.

Мақсаты – мемлекеттік тілдің ауқымды кеңістікте еркін самғауына, мәртебесінің көтерілуіне, тіл үйретудегі тиімді әдістердің бірігіп, игілікті жұмсалуына, әрбір оқырманның, қолданушының жеке парақшасы арқылы оңтайлы жұмыс жасауына жол ашу.

Егер Сіз тіл үшін тәуекелге барып, әрқашан құдіретті тілдің көгеруіне көмектескіңіз келсе, «Тіл әлеміне» саяхат жасаңыз.

Байланыс

Мекенжайы:
Астана қаласы, Сауран көшесі, 7 А.
Телефон:
+7(717-2) 27-98-36.
E-mail:
tilalemi.kz@gmail.com

Мекен жай картасы

Серіктестер