Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Фишбоун тәсілі

07.09.2017 4402

Сабақтың тақырыбы: Бос уақыт. Ауыспалы келер шақ

Күні: 22.08.2017 ж.

Тыңдаушылар: Медеу ауданындағы қала тұрғындары

Сабақ уақыты: 120 мин. (2 академиялық сағат)

Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға тақырып аясындағы грамматикалық және лексикалық білімді меңгерту.

Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Келер шақтың грамматикалық ерекшелігі мен жаңа тақырыпқа қатысты лексикалық бірліктерді дұрыс қолдануды үйрету.

2. Дамытушылық: Білім алушыларды өз ойын еркін жеткізуге, қазақ тілінде еш қиындықсыз қарым-қатынас жасауға бағыттау.

3. Тәрбиелік: Қоршаған орта, табиғатты аялау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жазылым, оқылым, тыңдалым, сөйлесім, фишбоун тәсілі.

Сабақтың көрнекілігі:

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі (10 мин):

Сәлемдесу.

Ауа райы жайында әңгімелесу:

Бүгін ауа райы қандай?

Сіздер қандай ауа райын жақсы көресіздер?

Сізге бүгінгі ауа райы ұнайды ма?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5мин).

Жаңа сабақ (15 мин.). Бос уақыт. Келер шақ (-а/-е/-й).

«Бос уақыт» тақырыбын түсіндіру

Келер шақта қолданылатын сөздер: Ертең, бүрсігүні, келесі аптада, келесі айда, келесі жылда, келесі жексенбіде, т.б.

Өткен шақта жасалған «Мақпал келді.» сөйлемі келер шақта етістікке -а/-е/-й формасы жалғану арқылы жасалады. Кел+ (-а/-е/-й). Мысалы:

+:Ертең Мақпал келеді./–: Ертең Мақпал келмейді.

+?: Ертең Мақпал келе ме?/ -?: Ертең Мақпал келмей ме?

+: Кешке сен киноға барасың./ -: Кешке сен киноға бармайсың.

?: Кешке сен киноға барасың ба? -?: Кешке сен киноға бармайсың ба?

Етістікке -а/-е/-й формасы жалғану арқылы ауыспалы осы шақ та, келер шақ та жасалады. Алайда, контекстке байланысты осы шақта созылыңқы, қайталанатын іс-әрекетті және келер шақта істелетін іс-әрекетті білдіреді. Ауыспалы осы шақ/ Ауыспалы келер шақ:

Мен Астанада тұрамын/ Келесі жылы мен Астанада тұрамын.

Жаңа лексикамен таныстыру (қайталатып, жаздыру) (5 мин):

ән - песня

ән айту, ән салу- петь

би - танцы

билеу - танцевать

бос уақыт – свободное время

қолы бос – свободен от дел

кітап - книга

шаңғы - лыжи

мұз айдыны – ледовый каток

тау - горы

тауға шығу – идти в горы

коньки тебу - кататься на коньках

балық - рыба

балық аулау – ловить рыбу, рыбачить

оқу – читать

көру - смотреть

тыңдау - слушать

кітапхана - библиотека

айналысу, шұғылдану - заниматься

болу - находиться

жүзу- плавать

жағажай - пляж

саябақ - парк

саяхат - путешествие

саяхат жасау - путешествовать

мұражай - музей

Бос уақыт пен ауыспалы келер шақты түсіндіру мақсатында тапсырмалар орындау.

1 – тапсырма (5 мин.).

Жазылым. Үлестірмелі карточкалар арқылы тыңдаушылар ауыспалы келер шақтың (-а,-е,-й) жұрнақтарын дұрыс жазуы қажет. Және ол сөйлемді болымсыз түрге айналдырыңыз.

2-тапсырма (3 мин). Тыңдалым. Кім бос уақытын қалай өткізеді? Аудиомәтін қосылады, тыңдаушылар сол аудиомәтін бойынша әр кейіпкердің есімінің тұсына ол бос уақытында не істейтінін жазыңыз. Тапсырма Г.Д.Досмамбетова, А.К.Балабеков, А.Т.Бозбаева-Хунг, А.Д.Сейсенова. Қазақ тілі, А1 қарапайым деңгей. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті, 2012ж. оқулығынан алынды. 87 бет. 37 тыңдалым.

3-тапсырма (10 мин). Оқылым. Диалогты рөлге кіріп оқу. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Динара: - Әсем, қазір қолың бос па?
    Әсем: - Иә, боспын. Неге?
    Динара: - Мен бассейнге барамын. Барасың ба?
    Әсем: - Барамын.
    Динара: - Онда қазір бізге кел.
    Әсем: - Жақсы. Кездескенше.
    • Нұрлан: Жұлдыз, жұма күні не істейсің, қолың бос па?

    Динара: -Кездескенше

    Сұрақтар: Әсемнің қолы бос па? Динара қайда барады? Әсем бассейнге бара ма?

    Жұлдыз: Жоқ, мен жұма, жексенбі күндері фитнесзалда боламын. Не болды?

    Нұрлан: Менің бос уақытым бар еді. Кинотеатрда жақсы кино болады екен.

    Жұлдыз: Сен бос уақытыңда кино көруді жақсы көресің бе?

    Нұрлан: Иә, ал сен ше?

    Жұлдыз: Мен кітап оқимын, жүзумен айналысуды ұнатамын.

    Нұрлан: Қашан қолың бос болады?

    Жұлдыз: Сейсенбіде боспын. Сейсенбіде барайық, жарай ма?

    Нұрлан: Жарайды, кездескенше! Сау бол!

    Жұлдыз: Сау бол!

    Сұрақтар: Жұлдыздың жұма күні қолы бос па? Нұрлан Жұлдызды қайда шақырды? Қай күні Жұлдыздың бос уақыты бар?

    • Махаббат:--Бос уақытты қалай пайдалану керек?
      Жадыра: --Бос уақытты босқа өткізуге болмайды.
      Махаббат:--Бос уақытыңда сен не істейсін ?
      Жадыра:--Бос уақытымда мен теледидар көремін , кітап оқимын, спортпен айналысамын.
      Махаббат:--Спорттың қай түрі саған ұнайды?
      Жадыра:--Маған волейбол ұнайды.
      Махаббат:--Бос уақытыңда сен үй шаруасына көмектесесің бе?
      Жадыра:--Әрине бос уақытымда мен үй шаруасымен айналысамын.

    Сұрақтар: Жадыра бос уақытында не істейді? Жадыра спорттың қай түрін ұнатады? Бос уақытты қалай өткізу керек?

    «Бақытты жаңбыр» ойыны (2 мин). Тыңдаушыларды сергіту және жаңа сабаққа зейінін аудару мақсатында шеңбер құра тұрғызып, кезекпен қосыла отырып, қолдарын, аяқтарын қимылдатып табиғат дыбыстарын шығарады. Тыңдаушылар шеңбер құра тұрғаннан кейін, бірінші: оқытушы екі алақанын үйкелеп: «Жел соқты» - деп бастайды, сол кезде тыңдаушылар кезекпен қимылды қайталап үдете түседі. Екінші: оқытушы екі саусағын қосып тақылдата бастайды да: «Жаңбыр себелеп келе жатыр» -дейді. Тыңдаушылар да кезекпен қосыла отырып, жаңбырдың үдейе түскен дыбысын келтіреді. Үшінші: оқытушы: «Нөсер жауа бастады!»-деп аяғын көтеріп тарпылдатады, тыңдаушылар да оқытушыға ілесіп кезек-кезек қосыла отырып қайталайды. Бұл сергіту сәті тыңдаушылардың ауа райы туралы сөздік қорын молайтуға және жалықтырмай, сергітіп алуға көмектеседі.

    4-тапсырма (10 мин.). Жазылым, сөйлесім. «Ауа райы болжамы» ойыны. Тыңдаушыларға ауа райы белгілері мен Қазақстан қалалары жазылған суреттер таратылады. Тыңдаушылар үлестірмелі суреттерде жазылған қаланың ауа райы болжамын тележүргізуші рөліне еніп хабарлау үшін сөйлем құрастырып, оны Қазақстан Республикасының картасынан көрсетіп, кезек-кезек айтады. Бұл тапсырма тыңдаушылардың келер шақ жайында алынған білімін қолдануға бейімдейді.

    5-тапсырма (10 мин). Сөйлесім, жазылым. Бос уақыт туралы алған білімі мен сөздік қорды қорытындылау мақсатында Фишбоун тәсілін қолдану. Яғни «Бос уақытты дұрыс пайдалана аласыз ба?» деген сұрақ арқылы тыңдаушылардың күнделікті өмірдегі бос уақыты жайында, оның тиімділігі мен артықшылықтары жайында әңгімелесіп, балық сызбасын толтыру. Сызбаны толтыру кезінде Алматы қаласының суреттерін қолданады.

    Проблемалық сұрақ: Бос уақытыңызды дұрыс пайдалана аласыз ба?

    Себептері: көңіл-күй көтеріледі, денсаулық мықты болады, мәдени-рухани дамиды, білімі жоғарылайды, т.б.

    Дәлелдер: ән салу, спортпен айналысу, мұражайға, театрға бару,саябақта серуендеу, кітап оқу, т.б.

    Қорытынды: Тәні саудың жаны сау.




    Тегтер: Үздік сабақ, ауыспалы келер шақ, бос уақыт
    Авторы: Иманқұлова Меруерт