Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Абай өлеңінің мазмұндық, көркемдік ерекшелігін таныстыру

07.09.2017 1479

Пәні: қазақ әдебиеті Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Абай: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»,

«Кешегі өткен ер Әбіш», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдері

Сабақтың мақсаты: 1) Абай өлеңінің мазмұндық, көркемдік ерекшелігін таныстыру;

2) оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіру, Абай өлеңін

оқуға қызығушылықтарын арттыру;

3) ұлы тұлғаның шығармаларын оқытуға жетелеу арқылы

әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз пікірін білдіру

Сабақтың көрнекілігі. баспасөз материалдары

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Сабаққа қатысуын түгендеу

3. Оқу-құралдарының толықтығына назар аудару

4. Сынып бөлмесінің тазалығына назар аудару

5. Оқушы назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау

1. Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

2. «Адамның кейбір кездері» өлеңі

3.Білімді тексеру

Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың білімі тексеріледі.

4.Мақсат қою кезеңі

«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.
Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген – білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызда ізденушілік, сабақ ретінде.
Абай лебі - заманының тынысы,
Абай үні –ғасырлардың өрісі - деп сабағымызды бастаймыз.
- Балалар, Абайды біз кім деп танимыз?

5.Жаңа материалды меңгерту

Абай – ұлы ақын, Абай шебер аудармашы, Абай – сазгер, Абай – жазушы, философ.

ІІ. Мағынана тану

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған.

ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетін, оның халықтық негізін терең зерттеу Абайды ақын мен ақындық бмұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасқа алып келеді. Абай сөз өнерін үлкен қоғамадық күш, әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңі - бұл тұрғыдан ақын бағдарламасы тәрізді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде ақын сөз өнерінің қадір-қасиетін, өлеңнің адам өміріндегі қызметін, жалпы ақындық өнерге қойылған талаптарды айқындайды.

Ақын өлеңдерінің тағы бір тармағы ұлы Әбішке арналады. Ерте дүниеден өткен ұлының қазасы әкесіне оңай тимейді, өзін өлеңмен жұбатады. Сондай өлеңдерінің бірі - «Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңі.

6. Жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру

  • «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқу.
  • Ақын мен ақындық міндетті тереңдете қарастыру, ел құлағына сіңіре білуде жазған «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңін мәнерлеп оқу, құрлысына талдау.
  • Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі жайындағы «Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңін мәнерлеп оқу, көркемдеуіш сөздерді, сөз тіркестерін анықтау.
  • Абайдың ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы көзқарасы жайлы пікір алмасу.

7. Білімді бекіту

Ойы – терең, түрі көркем , өзінше айтсақ, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген Абай – қазаққа ғана емес, туысқан елдердің көптеген талантты ақындарына ұстазы.

8. Үйге тапсырма

Мен Абайды қаншалықты білдім?» - эссе жазу.

Оқушылардың білімін бағалау.


Тегтер: Үздік сабақ, Абай, өлең, әдебиет
Авторы: Битаева Лаззат Есенгелдіқызы