Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Төле бидің төрелігі

07.09.2017 2898

Сабақтың тақырыбы:Төле бидің төрелігі.

Сабақтың мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру. Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту.

Міндеттері:Оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Қолданылатын модульдер: Диалогтік оқыту, сыни ойлау, оқыту үшін бағалау, АКТ.

Стратегиялық іс әрекет: «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Топ ережесін еске түсіру.

Ерекше сөз қадірін білетін шешендеріміз Жиренше, Қарашаш, Төле, Әйтеке, Қазыбек билер, Асан- Қайғы, Әнет баба, Сырым батыр, Досбол шешен. Ата-бабамыздан қалған ескірмейтін есті сөздерді, мақал-мәтелдер мен нақылдарды бүгінгі жас ұрпаққа ауызекі айтылу арқылы жеткен. Шешендік өнерге ие болған адамдар өте қабілетті болған. Дүйім жұртты аузына қаратып, ел арасындағы дау-дамайды бір-ақ ауыз сөзбен шешкен.


Бірлік тобы

«Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы- кежірлік, ортаншысы- еріншектік, кенжесі- ұйқы. Осы үшеуін бойына үйір қылмаған адам кедей болмайды?»

Қай бидің шешендік сөзі?

Осы шешендік сөздің мән-мағынасын түсіндіріңі

Жеңіс тобы

Алтын ұяң- Отан қымбат

Құт берекең- атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат,

Ұят пенен ар қымбат.

Қай бидің шешендік сөзі?

Өлеңнің мәнін түсіндіріңіз

Ерлік тобы

Жігіттің жампозы ел қориды,

Жігіттің жаманы жер қориды.

Елдің қамын жоқтай білген,

Дұрыс сөзге тоқтай білген,

Ердің намысын жоқтата білген,

Өз сөзіне тоқтата білген,

Жақсыға не жетсін-

Қай бидің шешендік сөзі?

Өлеңнің мәнін түсіндіріңіз

Тегтер: Үздік сабақ, Төле би, ой талқы, ой қозғау
Авторы: Дарибаева Айманай Утешовна