Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Хайуанаттар бағы

07.09.2017 3238



Хайуанаттар бағы

Сабақтың мақсаты: Хайуанаттар бағы туралы мәлімет беру арқылы оқушылардың аңдар жөніндегі білімдерін толықтыру.

Сабақтың міндеттері:

1. Оқушылардың сөздік қорын, өз ойларын жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту. Өтілген материалдарды қайталай отырып, аңдар тақырыбын кеңінен ашу. Ауызша, жазбаша сауаттылықтарын арттыру,ойындар мен тапсырмалар арқылы ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға машықтандырып , дүниетанымын кеңейту.
2. Табиғатты сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушыларға аңдарды қорғау, табиғатты аялау туралы тәрбиелік мәндегі әңгімелер айту

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақ типі: жарыс сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, топтық жұмыс.

Сабақтың формасы: тоқтық, жұптық, жеке

Пәпаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, слайдтар, интерактивті тақта

Сабақтың барысы

Жұмыс түрі

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Слайд. Сәлемдесу

«Қарлы кесек» әдісі арқылы сабаққа дайындығын тексеру

Фонетикалық жаттығу.

-Алдымен балалар тілімізді жаттықтырайық. Берілген жаңылтпаштарды тез, дұрыс айтуға жаттығу.
1. Қапыда ит қапты, 2. Біл, бұл – піл, 3. Көп ешкі
Қатты қапты, Бұл- бір ірі піл. көк шөпті жейді,

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Менің сүйікті үй жануарым» әңгімелерін тексеру.
Үй жануарлары мен жабайы аңдарды топтастыру арқылы ажыратып, түсінік сұрау. (кластер толтыру)

Оқушы білімін жан-жақты тексеру

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларды мозайка (аңдардың суретін дұрыс құрау) арқылы сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

I. «қонжықтар»

II. «қасқырлар»

III. «түлкілер»

Жаңа сабаққа дайындық. Слайдпен жануарлардың суреттерін көрсету, сұрақ қою.

Бұлар нелер? Жануарлар

Бұл қанда жануарлар? – деген сұрақпен оқушыларды жаңа сабаққа бағыттау. Бұл жабайы жануарлар.

Бүгін біз жабайы аңдармен толық танысу үшін хайуанаттар бағына саяхатқа барамыз, хайуанаттар бағымен танысамыз.

Алматы хайуанаттар бағы (видеоролик) көрсету. Видеоролик бойынша сұрақтар қою.Қызыл кітап туралы қысқаша айтып кету.

IV.Жаңа сабақ

  • Сөздік жұмысы («доп лақтыру» ойынын ойнату)
  • Мәтінмен жұмыс

Қасқыр Волк

Арыстан Лев

Түлкі Лиса

Керік Жираф

Қоян Заяц

Кірпі Ёжик

  • Мағынасын түсіндіру
  • Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру
  • Сөз тіркестерін құрау
  • Сөйлемдер құрау

1-2 оқушыға мәтінді дауыстап оқыту.

«Даналық ағашы» ойыны арқылы жаңа білімді меңгергенін тексеру.Әр топ 3 сұрақтан құрап келесі тпқа береді. Әр топ берілген сұрақтарға толық жауап беруге тиіс.

Мыс: Аю не істеп жүр? Қоян не істеп жүр?

Сергіту сәті

Бейне роликтегі жаттығуды орындау

V. Сабақты бекіту

1-кезең. Топтай біл

Әр топқа аңдар, құстар және балықтардың суреттері мен төмендегідей бос кесте беріледі. Топтар осы кестедегі аңдарды бір бөлек, балықтарды бір бөлек және құстарды бір бөлек топтап, кестені сөзбен толтырулары керек.

2-кезең. Сөздерден сөйлем құра.

  • Бүгін, паркіне, балалар, барды, хайуанаттар
  • Олар, құстарды, тамашалады, түрлі, неше, паркте
  • Мұғалім, сатып, билет, алды, балаларға
  • Хайуанаттар, үлкен, бағы, өте
  • Маған, ұнайды, бағы ,хайуанаттар
  • Мен, бағына, жиі, хайуанаттар, барамын

3-кезең. Сәйкестендіру кестесі

Түлкі күшті

Аю қорқақ

Керік маймақ

Қоян ұзын

Жолбарыс айлакер

4-кезең. «Аудармашылар » ойыны.

Орысша берілген сөздерді қазақ тіліне аудару керек.

VI. Cабақты қорыту

Ой толғаныс кезеңі

1.Қандай аң? Тауып көр

- маймақ,орманда тұрады;

-Құйрығы ұзын, қу;

-терісі ақ,сұр болады,қорқақ ;

-мойны ұзын,биік жануар;

-балық жейді,суда жүзеді,ақ :

-жыртқыш,сұр,орманда тұрады;

-тікені бар,саңырауқұлақ жинайды;

-кішкентай,сары, жаңғақ жейді

Жұмбақтар:

1.Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан (Піл)

2. Ағаштан ағашқа секірген

Кішкентай ғана шапшаң аң (Тиін)

3.Қалқиып қос құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян)

4.Халық «қу» деп,

Қылған күлкі

Айласы көп

Бұл не? (Түлкі)

(Оқушылар жауаптарын үш тілде береді)

VII.Үйге тапсырма

1.Сөздікті жаттау

2. «Хайуанаттар бағы»туралы әңгіме құрастыру

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі

Кері байланыс

Смайликтер арқылы

Тегтер: Үздік сабақ, түсіндіру, әңгімелесу, ойын
Авторы: Бекбенбетова Акмарал Сагатовна