Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Отбасылық дәстүрлер

07.09.2017 6488

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Отбасылық дәстүрлер

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Реттік және жинақтық сан есімдер. Келер шақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Тыңдаушыларға отбасылық дәстүрлер және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ақпарат беру. Ақпаратты қабылдап, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Теориялық білімді тәжірибеде дұрыс қолдануға, тілдік жағдаятқа сай сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, оқылым, жазылым

Сабақтың көрнекілігі: бейнеролик, аудиотаспа, грамматикалық кесте, таратпа материалдар (мәтін)

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

А) амандасу

Ә) тыңдаушыларды түгелдеу

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтіннің мазмұн сұрау.

Адам өміріндегі аса мәнді де сәнді мереке – жастардың үйлену тойы. Жақында ұлым Жанбатырдың үй болу тойы болғалы жатыр. Болашақ келінімнің есімі – Айша. Жастар бір-бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге деген ниеттерін бізге білдірді. Екі апта бұрын болашақ құдаларымыздың үйіне бардық, қыздарына құда түстік. Құданың аты – Шаймұрат, құдағидың аты - Шолпан. Шаймұрат құдамен және Шолпан құдағимен құдаластық, баталастық. Жастар үлкендердің батасын алып, үйлену тойына дайындалып жатыр.

III. Жаңа сабақ.

  • Қызығушылықты ояту кезеңі.
  • Ой шақыру.
  • Лексикалық минимум
  • Тыңдалым. Берілген басым сөздерді тыңдаңыздар.
  • Берілген сөздермен бірнеше сөйлем құраңыздар.
  • Берілген сандар туралы не білесіздер?
  • Берілген тіркестерді оқып, сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.
  • Мерекелер жылдың қай мезгілінде тойланатыны туралы жазыңыздар.
  • Оқылым.

«Қазақ елінің салт –дәстүрлері» бейнеролик ұсынылады.

  • Бейнеролик не туралы?
  • Бейнероликте қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері туралы айтылған?
  • Өздеріңіз қандай салт-дәстүрлер туралы айта аласыздар?
  • Көрсетілген салт-дәстүрлер отбасы салт-дәстүрлеріне жата ма?

Отбасы мүшелері – члены семьи

Туған күн – день рождения

Мерейтой – юбилей

Жаңа жылды қарсы алу – встреча нового года

Сыйлықтар әзірлеу – подготовить подарки

Кинотеатрға бару – идти в кинотеатр

Наурызды мерекелеу – праздновать Наурыз

Дәстүрлі мереке – традиционный праздник

Діни мейрам – религиозный праздник

Кәсіби мейрам – профессиональный праздник

Бата – напутствие, благословение

Бесік – колыбель

Қоғам, мереке, мейрам, той, дәстүрлі мереке, атап өту, наурызкөже, тойлау, құттықтау, салтанатты кеш, ресми жиын, гүл, сыйлық, тілек айту, қарсы алу, ұлттық мейрам, мемлекеттік мейрам, діни мейрам, кәсіби мейрам, іс-шара, марапат, шен, қоғам қайраткері, құқық қорғау.

Үлгі: Мейрам

Мемлекеттік мейрам

Тұңғыш Президент күні – мемлекеттік мейрам

1-2 қаңтар______________________________

8 наурыз_______________________________

22 наурыз______________________________

1 мамыр________________________________

7 мамыр________________________________

9 мамыр________________________________

30 тамыз________________________________

1 маусым ________________________________

1 желтоқсан –

16 желтоқсан –

8 наурыз –

22 наурыз –

1 мамыр –

7 мамыр –

9 мамыр –

6 шілде –

1 желтоқсан –

Мәтінді оқыңыздар.

Бесікке салу дәстүрі

Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі туыстарын жинап, баланы бесікке салу тойын жасайды. Халқымызда бесік – киелі зат. Ол сәбидің алтын ұясы болып саналады. Баланы бесікке салуды жасы үлкен, ақылды, балалары көп адамға тапсырған. Бесікке салушы шашуға әкелген құрт-май, ірімшік, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны тойға келгендерге үлестіреді. Баланы бесікке бөлеп, бесіктің үстіне жеті түрлі зат жабады. Бесік жыры айтылады. Бесікке салу дастарқаны жасалып, ән айтылады, тілек бата беріледі.

1-тапсырма. Мәтіндегі туыстық атауларды теріп жазыңыз.

2-тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің аудармасын жасаңыз.

3-тапсырма. Мәтінде жоқ артық сөйлемдерді табыңыз.

Бесікке салу дәстүрі

Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі туыстарын жинап, баланы бесікке салу тойын жасайды. Дәстүрлі қазақ қоғамының өмірінде мерекелердің алатын орны ерекше. Халқымызда бесік – киелі зат. Ол сәбидің алтын ұясы болып саналады. Баланы бесікке салуды міндетті түрде әжесіне тапсырған. Бесікке салушы шашуға әкелген құрт-май, ірімшік, бауырсақ, қант-кәмпит, күміс ақшаны тойға келгендерге үлестіреді. Баланы бесікке бөлеп, бесіктің үстіне жеті түрлі зат жабады. Бесік жыры айтылады. Бесікке салу дастарқаны жасалып, ән айтылады, тілек бата беріледі.

Жеке жұмыс

«Құндылық құнын ұғыңдар»

Отбасымда ең сыйлы _________________

Ең қымбатты ________________________

Ең ақылды __________________________

Ең сүйкімді _________________________

Ең құрметті _________________________

Ең құнды ___________________________

Ең бағалы __________________________

Ең қажетті__________________________

4-тапсырма. Отбасыңызда қалыптасқан салт-дәстүрлер туралы әңгімелеңіз.

IV. Сабақты бекіту:

Рөлге бөліп оқыңыздар.

Асқар: – Біздің отбасымызда той болады.

Мақсат: – Ол қандай той?

Асқар: – Шілдехана тойы. Әпкем мен жездем сәбилі болды.

Мұрат: – Бауырларың, туыстарың келе ме?

Ольга: – Жездең мен әпкең қайда жұмыс істейді?

Асқар: – Жездем – сәулетші, ал әпкем – есепші.

Саша: – Менің әпкем де есепші, ал жездем – мемлекеттік қызметкер.

Айсәуле: – Менің нағашы ағам – тілші.

Асқар: – Ал менің ағам – құрылысшы.

Ол Астанада жұмыс істейді.

Мақсат: – Ағаң шілдехана тойына келе ме?

Асқар: – Иә, ол шілдехана тойына келеді.

V. Сабақты қорыту:

Өлең шумағын тыңдаңыздар.

Қажетті сөздерді орнына қойыңыздар.

Әні мен сөзі: М. Тіналиндікі

Орындаған: Б.Ибрагимов

Шілдехана

Шілдехана,_____________

Тұсау кесер, сүндет той,

Ай, шіркін-ай, құда түсу,сырға салу,

Беташарым-ай!

Алтыбақан аясында сұлу____________

Қыз-бозбала ____________ даланы

________________елтіп тербеткен.

Тегтер: Үздік сабақ, аралас сабақ, әдіс-тәсіл
Авторы: Сабирова Әсел Жамбылқызы