Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Отан отбасынан басталады

07.09.2017 660

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Отан отбасынан басталады.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Ауыспалы осы шақ. Синонимдер.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты:

1.Тыңдаушыларды өтілген материалды тиянақты меңгеруіне, тақырып төңірегінде ойын еркін, жатық жеткізуіне ықпал жасау.

2.Түрлі әдістерді пайдаланып, тыңдаушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, оқылым, жазылым.

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар (мәтін), аудиотаспа, суреттер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

А) амандасу

Ә) тыңдаушыларды түгелдеу

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Тыңдаушылардың дайындаған бейнематериалын тексеру

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз?

Әкемді мақтан тұтамын. Ол кісі білімді, көңілді кісі еді. Әкеме өте жақын болып өстім. Ол кісі де менің тәрбиеме ерекше көңіл бөлді. Мамандық таңдауымда да ол кісі маған көп кеңес берді. Қиын жағдайларды шешпес бұрын үнемі әкемнен ақыл сұрайтын едім.

Асанның әкесі қандай адам?

Әкесі оған мамандық таңдауына кеңес берді ме?

Қандай жағдайларда әкесінен көмек сұрайтын еді?

Әкесі оның тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлді?

III. Жаңа сабақ.

Сабақтың эпиграфі

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев.

Коммуникативтік тренинг









Тегтер: Үздік сабақ, отан, отбасы
Авторы: Сабирова Әсел Жамбылқызы