Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Отбасы бақыты

07.09.2017 753

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Отбасы бақыты.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: са, -се жұрнағы. Туынды зат есім.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты:

  • Отбасы бақыты туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымды кеңейту, грамматикалық тақырып бойынша мәлімет беру.
  • Сөйлеу тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым

Сабақтың көрнекілігі: грамматикалық кесте, таратпа материалдар (мәтін), бейнетаспа, аудиотаспа, суреттер

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу.

2.Тыңдаушыларды түгелдеу.

II. Жаңа сабақ.

1.Тренинг. «Мен сіздің ерекше қасиеттеріңізді бағалаймын, себебі сіз ...».

Тыңдаушылар бір-бірімен жұптасып тұрып, қасындағы көршісіне оның ерекше бағалайтын қасиетін,оның себебін айтады. Мысалы, «Мен сіздің ерекше қасиеттеріңізді бағалаймын, себебі сіз сондай керемет жансыз»

2. Видеобейне көрсетіледі.

  • Видеоролик не туралы?
  • Есіңізде қандай сөздер қалды?
  • «Елдің күші - бақытты отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

3.Жаңа сөздерге назар аударыңыз.

Үйлену тойы-свадьба

неке құру- вступить в брак, создать семью

шаңырақ көтеру- жениться; создать семью

отау иесі болу- жениться; стать хозяином семьи

өмірлік жар- суженый; супруг (супруга)

жұп- пара

бақытқа кенелту- окутать счастьем; осчастливить

сыйластық –уважение

шыдамдылық- терпение

сенімділік таныту- доверять

қатесін мойындау- признать ошибку

Тегтер: Үздік сабақ, отбасы, бақыт, оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым
Авторы: Сабирова Әсел Жамбылқызы