Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Бірінші байлық - денсаулық»

07.09.2017 770

Оқытушы: Г.Т. Құрманғалиева

Деңгейі: Қарапайым деңгей

Лексикалық тақырып: «Бірінші байлық - денсаулық», өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты: Адамның дене мүшелері, адамның сыртқы бейнесі, адамның іс-әрекеттері, адамның мінез-құлқы тақырыптары бойынша алған білімдерін жинақтап, қорытындылау.

Қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту. Тілді құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, ойын,сайыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер, бейнематериал.

Сабақтың барысы:

1 кезең. Бағдарлау – мотивациялық кезең

тыңдаушылармен сәлемдесу.

сабаққа қатысымын тексеру.

Тіл үйренушілердің назарын сабаққа аудару

Бүгінгі сабағымызды тіл үйренушілердің өзара бір-бірінің мінез-құлқын жақсы сөзбен сипаттаудан бастасақ.

2 кезең. Жаңа сабақ

Тыңдаушыларды түстерді таңдау арқылы екі топқа бөлу.

Әділқазылар алқасы сайланады. Әділқазылар тыңдаушылар жауабын бағалап отырады.

1-топ: Қарлығаштар

2-топ: Қырандар

1-тур

«Ойлан тап» сайысы, сұрақ-жауап түрінде өтеді. 2 топтан 1-1 ойыншы келіп конверт алады. Әр конвертте 4 сұрақтан.

1-конверт.

Адамның бас мүшесіне не жатады?

Адамның іс-қимылдарын атаңыз.

2.Адамның жағымды қасиеттері қандай?

3.Көзбен көруге болмайтын ағзаларға не жатады?

2-конверт.

Адамның жағымсыз қасиеттері қандай?

Адамның көңіл-күйіне не жатады?

2.Бір адамды сипаттаңыз.

3.Көзбен көруге болатын ағзаларға нелер жатады?

2-тур

Қате мәтінді түзетеді.

Мен Шығыс Қазақстан облысының қаржы департаменті жұмыс істейді. Департаментте бес бөлім бар. Мен әкімшілік бөлімінге бас мамандық болып істеймін. Біздің бөлімде төртінші мамандық жұмыс істейді. Ол: Лариса Михайловна бөлім бастық. Тимур мен Айжан жетекші мамандық. Олардың барлығы жоғары білімді, жақсы қызмет.

3-тур

Барлық тыңдаушылардан лексика-грамматикалық тест алу

Адамдар баспен ... .

Көзбен ... .

Бас мүшесіне ... жатады.

Он очень культурный.

Марина ... шашы сары.

Адам қуан... күледі.

Айжанның мінезі ... .

Мараттың шашының түс ... қара.

а) ойлайды

ә) күледі

б) көреді

а) ойлайды

ә) күледі

б) көреді

а) аяқ, тізе

ә) бас, көз, ауыз

б) қол, кеуде

а) Ол өте мәдениетті.

ә) Ол өте сыйлы.

б) Ол өте білімді.

а) -дың

ә) -ның

б) -нің

а) -дар

ә) -се

б) -са

а) әдемі

ә) жұмсақ

б) жауапсыз

а) -і

ә) -ы

б) -сы

СЕРГІТУ СӘТІ

Сабақ барысындағы сергіту сәті келесі бөлімге ой жинақтап, тың көзқараспен аяқ басуға көмектеседі.

4-тур

Полиглот сайысы. Мұғалім 5 мақалды оқиды, тыңдаушылар ары қарай жалғастырулары қажет.

Бірінші байлық- ... . (денсаулық)

Дені саудың - ... . (жаны сау)

Тазалық – денсаулық ... . (кепілі)

Дос жылатып айтады, ... күлдіріп айтады. (дұшпан)

Көз – адам жанының ... . (айнасы)

5-тур

Екі топ сайыскерлері «Менің достарым қандай?» деген тақырыпта мәтін құрастырып шығару қажет. Өз достарын сипаттап берулері қажет, яғни, мінез-құлықтарын, бет-әлпеттерін, жағымды, жағымсыз қасиеттерін сипаттау. Плакатқа жазып барлық тыңдаушы сөйлеп қорғаулары қажет.

Үй тапсырмасын беру: Атақты бір әртісті сипаттаңыз.

Сабақты қорытындылау: - Сабақта өткен мақал-мәтелдерді қайталау.

Тегтер: Үздік сабақ, денсаулық, сайыс, сабақ
Авторы: Г.Т. Құрманғалиева