Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Раун Робин» әдісі

07.09.2017 2874

Оқытушы: Л.Қ.Абилмажинова

Деңгейі: Орта деңгей

Лексикалық тақырып: Достық қарым-қатынас

Сабақтың мақсаты:Сөйлесім, жазылым, тыңдалым, оқылым әрекеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Тіл үйренушілердің мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.Алған білімдерін қорытындылай өңдеп, өзара талқылауға үйрету; Идеялар мен ұсыныстарды өз пікірін пайымдау негізінде жеткізуге үйрету; Сыни ойлау дағдысын дамыту; Шығармашылық қиялын шыңдау.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, деңгейлеп оқыту әдістемесі, сұрақ-жауап, баяндау, оқылым және жазылым арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту әдісі, проблемалық оқыту әдісі, «Раун Робин» әдісі,

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар,таратпа материалдар, слайд, суреттер, бейнематериал.

Сабақтың барысы:

1 кезең. Бағдарлау – мотивациялық кезең

  • тыңдаушылармен сәлемдесу.
  • сабаққа қатысымын тексеру.
  • Тіл үйренушілердің назарын сабаққа аудару

    «Жақсы сөз-жан жылытар» демекші, бүгінгі сабағымызды тіл үйренушілердің өзінің атынан басталатын әріптен өздері туралы жақсы сөз айтуынан бастасақ.

    2 кезең. Жаңа сабақ

    СӨЗДІК ҚОР

    Адал – честный

    Ашушаң – вспыльчивый

    Аласа – низкий

    Ақкөңіл – веселый

    Әдемі – красивый

    Баяу қимылдайды – медленно двигается

    Жомарт – щедрый

    Жолдас – товарищ

    Қысқа бойлы – с низким ростом

    Қаталдау – построже

    Келбетті – симпатичный

    Мейірімді – добрый

    Мақтаншақ – хвастун

    Қатігез – жестокий

    Тұйық – замкнутый

    Момын – тихий

    Пысық – шустрый

    Сылбыр – медленный

    Сараң – скупой

    Салмақты – сдержанный

    Тартымды – привлекательный

    ОҚЫЛЫМ

    Мәтінді оқыңыз

    ШЕГЕНІҢ ІЗІ

    Бір мінезі жаман жас жігіт болыпты. Бір күні әкесі оған бір жәшікті беріпті. Жәшіктің іші шегеге толы екен. Жігіт: «Әке, маған мына жәшік пен шеге не үшін керек?» – деп сұрапты. Әкесі: «Достарыңмен әр жанжалдасып немесе ренжісіп қалған кезде мына тақтайға бір шегеден қағып отыр», – депті.

    Алғашқы күні жігіт тақтайға 10 шеге қағыпты. Одан кейінгі апталарда жігіт шегенің санын азайта бастапты.

    Бір айдан кейін тақтайға мүлде шеге қақпапты. Бұл жайды әкесіне айтыпты. Сонда әкесі жігітке тақтайды көрсетіп: «Ал енді, балам, бүгіннен бастап, достарыңмен татуласқан, олардан ренжіткенің үшін кешірім сұраған әр күнің үшін тақтадан бір шегеден суырып алып таста», – депті.

    Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, тақтайдағы барлық шегені суырып біткен екен. Сонда әкесі баласына тақтайды көрсетіп: «Балам, жарайсың, жарадың» – депті.

    «Алайда мына тақтайға жақсылып қарашы. Шегелерді суырғанда қалып қойған көп тесікті көріп тұрсың ба? Демек, тақта бұрынғыдай таза қалпында, әдемі болып қалмайды деген сөз. Достарыңмен ренжіскенде, бір-біріңді түсінбеген кезде жаман сөздер айтылады. Әрбір айтылған жаман сөз өзінің артына мына шегелер сияқты қара тесік қалдырады. Жолдасың да, сен де өзара кешірдік, енді қайтадан доспыз дегенмен, дәл мына тесіктер секілді көңілде кірбің қалады. Бұл – шындық. Сондықтан дос қадірін біліп, ешкіммен ренжіспейтін, араздаспайтын бол, балам. Әрқашан тату болғаның жақсы», – деген екен әкесі.

    Топтық жұмыс

    Тапсырма:

    1-топ тапсырмасы : Бірінші азатжолда қандай мәлімет берілген?

    2-топ тапсырмасы: Екінші, үшінші азатжолда қандай мәлімет берілген?

    3- топ тапсырмасы : Мәтінен алған үлгі-өнегеңіз қандай?

    2-тапсырма

    Мәтін бойынша берілген сөйлемдердің ішінен, артық сөздерді

    табыңыз.

    Ертеде бір мінезі жаман жас жігіт болыпты. Бір күні кеше әкесі оған бір жәшікті беріпті. Жәшіктің іші көп шегеге толы екен. Жігіт: «Әке, маған мына бір жәшік пен көп шеге не үшін керек?» – деп сұрапты. Әкесі: «Достарыңмен, туыстарыңмен әр жанжалдасып немесе ренжісіп қалған кезде мына тақтайға бір шегеден қағып отыр», – депті.

    Төмендегі сұрақтарға сәйкес келетін сөздерді табыңыз.

    Қандай? Кім? Не? Қашан? Не істеді? Неше?

    әке, қағу, жігіт, татуласу, кешірім сұрау, 10 шеге, жәшік, шеге, толы, дос, суырып алып тастау, тақта, кейінгі аптада, таза, жаман, қара, жолдас, шындық, дос қадірі, араздаспау, ренжіспеу.

    Қалыптасатын дағды:

    ОҚЫЛЫМ

    Мәтінді оқыңыз

    СЕНІМ КЕРЕК АЛДЫМЕН

    Достық адамдардың бір – біріне сенуінен басталады. Сенім артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір – біріне сенім жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар. Бірақ ол жалған достық, бірде бар, бірде жоқ. Мен өмірде көптеген адамдармен дос болып көрдім. Адамдардың мінездерінің түрлі болатынын көрдім. Достарымның барлығы жақсы болған жоқ. Амал дос та, адал дос та кездесті. Бірақ мен мақтан тұта алатындай сенімді дос таптым. Оның бар болғанына қуанамын. Оған сенемін және оның қиын сәттерде қасымнан табылатынын білемін. Досыма қиын жағдайда мен де көмектесемін, әрқашан бір – бірімізді түсінуге тырысамыз. Досымды мақтан етемін.

    «Төрт сөйлем» әдісі.

    Әр топ «Төрт сөйлем» әдісін пайдалана отырып, берілген сұрақтар бойынша өз көзқарастарын білдіріп, дәлелмен мысал келтіріп, қорытынды шығарып, кеңес береді.

    Сіз мәтін авторымен келісесіз бе? Достық сенімнен басталады деп ойлайсыз ба?

    Сіздің ойыңызша, «ең жақын дос» деген кім?Ол қандай болу керек?

    Адамда неше «ең жақын дос» болуы мүмкін?

    Жан досқа даайтылмайтын сырдың болуы мүмкін бе?

    Үлгі:

    Тыңдаушылар өз позицияларын ұстанады.

    1.Пікір. (мәтін бойынша туындаған өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады) – менің ойымша ...

    2.Дәлел. (пікірін дәлелдеп шығады) – себебі ...

    3.Мысал. (мысал келтіреді) – мысал...

    4.Қорытынды.(қорытынды шешім шығарады) – сол себепті, сондықтан...

    Грамматика Сын есім. Салыстырмалы шырай .

    Тиісті сөзді қойыңыз.

    Сенің досың жақсы адам/досың, досыңыз/

    Менің бойым .........................../ орташалау, қара/

    Сіздің балаңыз ...................... екн/тартымдылық, жомарт/

    Біздің анамыз ........................ жан / момындау, келбет/

    Сенің досың .......................... адам екен / ашу/ ашушаң/

    Оның хатшысы ...................... екен. / салмақтырақ, салмақ/

    1.Қажетті форманы қойыңыз.

    Лау / - леу, дау/-деу, тау /- теу, рақ/- рек, ырақ/-ірек

    Сіздің қызыңыз пысық...............

    Жаңа қызметкер жұмысқа бейім .......................

    Әсет бүгін көңілді .................. көрінеді.

    Салаттың тұзы ащы ...................... болыцпты.

    Бүгін жұмыстан кеш......................... қайтамын.

    Мына кілемнің сапасы жақсы ...........................

    Жаңа үйіміздің асүйі кең..................................

    Бастықтары қатал ...................... адам екен.

    Мына пәтер әдемі ........................................ екен.

    Дүкен үйден алыс ................. жерде екен.

    2.тиісті сөздерді қойыңыз.

    Ұзын, қаралау, қоңырлау, жұмсақтау, мейірімді, ақкөңіл, бұйралау

    Майраның бойы ұзын.

    Шашы ....................... , .........................

    Көзі ................................

    Мінезі ...........................

    Адамдарға үнемі көмектеседі.

    Ол өте ............................. қыз.

    Мен оның ......................... мінезін ұнатамын.

    Қарама – қарсы мағынада жазыңыз.

    1.менің шашым қысқалау оның шашы ұзындау

    2. менің бойым ұзынырақ сенің .....................................

    3. менің көзім қоңырлау оның ......................................

    4. менің мінезім жұмсақтау сіздің ....................................

    5. мен мейірімдімін. Ол ........................................

    6.Мен жомартпын. Сен ......................................

    7. мен ақкөңілмін. Сіз .....................................

    8. мен баяумын. Ол ........................................

    ТЫҢДАЛЫМ

    Сөйлеушілердің әңгімелері бойынша сұраққа жауап беріңіз

    1. Олар достарын қалай тапты?

    2. Досын компьютер арқлы кім тапты?

    3. Кім өз досын жұмысқа кіргенде тапты?

    4. Досын көлік тұрағында тапқан кім?

    5. Кім әуежайда досын тапты?

    6. Студент болғанда дос тапқан кім?

    2.Тыңдаңыз.Сұраққа жауап беріңіз. №2

    Есімі

    1........................... Мына жігіттің ....................... ............................... көп екен.

    2............................ Бір жақсысы, ...................................................... , кешірді.

    3. ........................ . Сондай ............................. , ........................... болып көрінді.

    4. .......................... .................................... агенттен тапқанмын.

    5. .......................... ................ .............................. .................. араласып тұрамыз.

    3 Сұхбатты тыңдап, бос орынды толтырыңыз.

    1. Досының аты кім? ....................................................................................

    2. Бойы қандай?..............................................................................................

    3. Түрі ше?......................................................................................................

    4. Мінезі қандай?............................................................................................

    СЕРГІТУ СӘТІ

    Сабақ барысындағы сергіту сәті келесі бөлімге ой жинақтап, тың көзқараспен аяқ басуға көмектеседі. Би жаттығулары денені сергітіп, бойды ширатады. Үнемі оймен жұмыс істеген тіл үйренушінің бір уақыт бойын сергіткен денсаулыққа өте пайдалы.

    Суреттер сөйлейді:

    СӨЙЛЕСІМ

    Жұптық жұмыс

    А. Бос ұяшықтағы дос – құрбыңыздың есімдерін жазып, мінезін бірсөзбен айтыңыз.

    Ә. Жақын досыңыз/ құрбыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. сіз неге онымен дос болдыңыз?

    2. Сіз неге оны жақсы көресіз?

    3.Досыңыздың сіз ұнатпайтын мінезі бар ма?

    4. Екеуіңіздің мінездеріңіз ұқсас па?

    5. Оның мамандығы қандай? Қайда жұмыс істейді?

    6. Бос уақытында немен шұғылданады?

    Б. Достық ағашыңды екінші тіл үйренушіге көрсетіңіз. Ондағы достарыңызбен таныстырып, сипаттап беріңіз.


    В. Енді оның достық ағашын қараңыз. Өзара сұрақ қойып, жаттығыңыз.

    ЖАЗЫЛЫМ

    1.Жақын досыңызызбен қарым – қатынасыңыз туралы шағын шығар ма жазыңыз.

    ...........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

    3-тапсырма

    Эссе “Досыма хат

    1. Досының жағдайын сұрау

    2.“Шегенің ізі” мәтініндегі әке әрекеті.

    Әке өсиетінен баласы не түсінді?

    3.Мен өзіме қандай үлгі-өнеге алдым?

    «Раунд Робин» тәсілі арқылы әркім өзінің сабақтан алған әсерін бір сөйлеммен жеткізеді.

    Мысалы:Достық қарым-қатынас туралы өзіме көп мәлімет алдым.

    Сабақты бекіту

    1. Осы тақырып бойынша қандай жаңа сөздерді меңгердіңіздер?

    2. Ұлы адамдардың достық жайлы қандай пікірлерін білесіздер?Жатқа айтыңыз.

    Қорытындылау



    Тегтер: Үздік сабақ, Раун Робин әдісі
    Авторы: Л.Қ. Абилмажинова