Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет

07.09.2017 899

Сабақтың лексикалық тақырыбы: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Септік жалғаулары

Сабақтың мақсат-міндеттері:

1.Білімділік. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табысары туралы оқушының білетін білімдерін толықтырып, тың мәліметтермен таныстыру. Астана қаласы, еліміз туралы өткен білімдерін пысықтау. Тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс атай білуге, сабақ барысында кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйленім үлгілерінде дұрыс қолдана білуді үйрету.

2.Дамытушылық. Білім алушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту. Есте сақтау, көру қабілеттерін шыңдау. Ауызекі сөйлеу тілдерін, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын байыту. Айтылым, жазылым, сөйлесім әрекеттерін сабақ барысында өтілген сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік. Оқушыларға еліміздің бас қаласы – Астана қаласының мемлекет өміріндегі алатын орнының маңыздылығын түсіндіру, тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға ат салысуға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, Кластер, пысықтау, көрнекілік арқылы шығармашылық ізденіс тәсілі, пысықтау, тест орындау.

Сабақтың түрі: ойын сабағы, шығармашылық ізденіс.

Сабақтың көрнекі құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, суреттер, Қазақстан туралы слайдтар, 3 ноутбук,3 планшет;интернет

Пәнаралық байланыс: ән-күй, орыс тілі,география.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Отырғызу.

Психологиялық кезең.
Қайырлы таң, достым,

Қайырлы күн болсын.

Жұманың әр кезі,

Сәттілікке толсын.

ІІ. Кластер әдісі арқылы өткенді қайталау.
Мұғалім оқушылардан Қазақстан, Астана тақырыбында бірнеше сұрақтар қойып, жауабын сұрайды. Мұғалім интерактивті тақтада жазып тұрады. Барлық атаулар толық аталған соң, суреттерін тақтадан көрсету.

Сұрақтар:

1.Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?

2.Қазақстанның елбасы кім?

3.Қазақстан қандай мемлекет?

4.Біздің қандай рәміздеріміз бар?

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

IV..(тақтадан Қазақстан туралы фильм көрсетіледі)

Олай болса бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы «Тәуелсіз Қазақстан» деп аталады.Сабағымыздың граматикалық тақырыбы «Септік жалғаулары» яғни осыған дейін өткен зат есімнің септелуін қорытындылаймыз.(слайд№1 тақырыппен күн)

Жаңа сабақ .Слайд№2 Сөздікпен жұмыс:
Жарияланды – объявлен;
Бүкілхалытық – общенародный;
Еркіндік – вольность, воля;
Бостадық – свобода;

Ту – флаг– flag

Тіл – язык– language

Отан – Родина– Monherland

Мемлекет – государство–state

Халық – народ–people

Достық – дружба– friendship

Мәтінмен жұмыс;филипчарттан,оқып ,аудару;әр топ 3 сөйлемнен аудару.әр оқушы бір сөйлемнен айтады.

Мәтінді мәнерлеп оқу;

Мәтінді сөздіктің көмегімен аудару:

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;

Мәтіннің бір-бір сөйлемін балаларға таратып беріп, ретімен орналастыру.

№1 топ .

«Қазақстан 1991жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Республика деп жарияланды. Бұл күн – Қазақстан тарихында « Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріппен жазылған.Қазақстан Республикасының рәміздері бар. Олар: ту,елтаңба,гимн.
16 желтоқсан - букілхалықтық мереке. Бұл біздің ел үшін аса маңызды тарихи оқиға.
Тәуелсіздік Республиканың халқына еркіндік, бостандық әкелді.
Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы. Астана – басты елордамыз. Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, күшті мемлекет. Елордамыз Астана — үлкен, әдемі қала.

V. Ережелерді қайталау мақсатында мысалдар келтіру.

Жалғау түрлері: көптік, тәуелдік, жіктік ,септік жалғауларды еске түсіру мақсатында «Жүйрік болсаң озып көр» атты сайыс.

Ноутбуктен.

http://www.bilimland.kz/kk/user/library сайтынан тапсырмалар орындайды.

№1 топқа жіктік жалғау туралы тапсырма 6 тарау .4 сабақ.

№2 тоқа Көптік жалғаулары. http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/12052-2_sabaq

2 тарау 2 сабақ;

№3 топқа барыс септігі. http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1609-qarapajym_denggej#lesson=12087 9 тарау 2- сабақ;

VI. Сергіту сәті: http://www.bilimland.kz/kk/user/library#lesson=958... «Қолдар мен аяқтар»

Өлеңін айтқызу.

VIІ Ережмен жұмыс;

Сөздердің септік жалғауларын жалғауы –септелу деп аталады.

Септік жалғаулары көбінесе зат есімдерге жалғанады.

Олай болса біз осы туралы аймектеп кз тен фильмді көрейік.

Бәйге. Шығармашылық ізденіс. Планшеттен фильм соңындағы «Артығын алып таста ойыны» ,дұрыс-бұрыс ойындары.Әр ойында болған команда белгі береді.

Уақыт бойынша кім жылдам сол топ жеңіске жетеді.

ҮІІІ.

Сабақты бекіту. «тест » сұрақтары: http://imektep.kz/iw_1155 әр оқушы планшеттегі тест қортытындысын интақтадан көрсетеді.Сол бойынша ұпай беріледі.

ІХ. Рефлексия.

http://www.bilimland.kz/kk/user/library#lesson=12099 11 ТАРАУ 4 САБАҚ .арқылы сабақты қорытындылау.

Х. Үйге тапсырма беру.

51 бет 5-тапсырма оқу;сөздік жаттау;ту,ел сөздерін септеу;

ХІ. Бағалау ;Бағалау парақтарын жинау.бағалау

ХІІ .Сабақ соңы (САУ БОЛЫҢДАР)

Тегтер: Үздік сабақ, Қазақстан, мемлекет
Авторы: Баянбаев Б.Б