Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Ұлттық валюта-төл теңге

7.9.2017 7154

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық валюта-төл теңге

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша тыңдаушылардың білімдерін кеңейту, грамматикалық мәліметтерді қолдануын ұйымдастыру
Білімділік : тақырып бойынша білімдерін пысықтау
Дамытушылық : тыңдаушылардың есте сақтау, сауатты сөйлеу, жазу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік : тыңдаушылардың ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу

Сабақтың әдіс-тәсілдері : сөздік жұмысы, мәтінді талдау, жазу, топтық,жұптық жұмыс, СТО

Көрнекіліктер : слайдтар, суреттер, тапсырмалар парақтары

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Психологиялық треннинг

Слайд «Ақша тарихынан»

  • Лексикалық минимум:
    Төлем – плата

Құрал – средство

Қазына – богатство

Арнаулы – специальный

Жарлығымен – по указу

Құпия қорғанысы – секретная защита

Дербес ел –суверенное государство
Билік – власть

Даму көзі – источник развития

Деңгей – уровень

Қамтамасыз ететін – обеспечивающий

Үнемді – экономно

Тәуелді болу – быть зависимым

Құнды қағаздар – ценные бумаги

Несие беру – давать кредит

Ақшаны жинау – копить деньги

Оқылым

Ұлттық валюта-төл теңге

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.

Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16-ға жұық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сұлейменов болды.
Теңге – біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның валютасына тәуелді болу – барлық байлығыңды біреудің билігіне беру. Ұлттық валюта – еліміздің даму көзі, әлемдік деңгейге теңелудің алғашқы факторларының бірі. Ол барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдалану керек.

3. Мағынаны ажырату.

Сұрақтарға жауап беру
Ұлттық валюта қай жылы шығарылды?
Теңгеде кім бейнеленген?
Ақша қандай қызмет атқарады?
Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі қандай?
Ерте заманда теңгелерді қайда жасаған?
Теңгенің неше құпия қорғанысы бар?
Қайдан несие алуға болады?
Ақшаны қайда жинауға болады?
Ұлттық валюта ненің белгісі?
Ұлттық валюта дегеніміз не?
Теңге немен безендірілген?
Теңгеде қандай суреттер салынған?
Қазақ теңгесі қайда басылды?
4. Мазмұнын анықтау
Сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтау
Дұрыс -бұрыс
1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.
2 Ақша – халық байлығы.
3 Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар.
4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?
5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.
6 Тиыннан теңге құралады.
7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.
8. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы.
9. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты.
10. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған.
11. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған.

5. Бесжолдық өлең.

1.Теңге ( тақырып, 1 сөз)
2.Құнды, сиқырлы (екі сын есім)
3.Арнаулы шеберханада жасалған( қимыл, іс-әрекет,3 сөз)
4.Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4 сөз)
5.Қазына.( синоним, 1 сөз)
Жағдаяттық тапсырма

1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …?

2-жағдай:Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың.Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар. Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге Қай затты алар едің? Неге?

Жағдай:Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ.Бірақ оны кигің келмей тұр.Жыртық болмағанмен,ескі.Ойыңды әкеңе айтып едің,әкең айлық әлі алмағанын айтты.Сенің әрекетің…? 2-жағдай: Мұғалім бүгін сағат екіде цирк болады деді.Билет бағасы – 300 теңге.Сондай-ақ информатика оқулығы 300 теңге, алмасақ болмайды,сабақ өте алмай қаламын. Не істейсің ?

Сергіту сәті. «Теңге ілу» ойыны

Тыңдалым

Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.

«Сұрақ - бізден, жауап – сізден». /Аукцион/
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?

Мақал - мәтелдегі бос орынға төмендегі сөзді жазу.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
8. _______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.
6 тапсырма: Шешендік өнер: "Мен
Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________
2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Үндістан ____________
6. Германия _____________
7. Египет _____________
8. Англия _____________
9. АҚШ ______________
10. Түркия ______________

ақшасыз өмір сүре аламын ба?"

Жұптық жұмыс

Терминдердің мағынасын ашып айт
1) Тарих
2) Геральдика
3) Виксикология
4) Сфрагистика
5) Герб

Жауаптары:
1) «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.
2) Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы
3) Туларды зерттейтін ғылым саласы
4) Мөрлерді зерттейтін ғылым саласы
5) Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны.

Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.
1 теңгеде – әл Фараби
3 теңгеде – Сүйінбай
5 теңгеде – Құрманғазы
10 теңгеде – Шоқан
20 теңгеде – Абай
50 теңгеде – Әбілқайыр хан
100 теңгеде – Абылай хан
Қазіргі күні бұл қағаз ақшалар металл ақша түрлерімен ауыстырылды.
Жаңа ақша түрлері де енгізілуде.

Түйіндеме

Ақпараттық қағазды толтыру:
Ұлттық валюта атауы -Теңге
Туған жері -Қазақстан
Туған айы, күні, жылы- 15. 11. 1993
Жасы -24 жыл
Авторлар тобы -М. Әлин, Х. Ғабжалилов. Т. Сүлейменов
Алғашқы шығарылған орны -Англиядағы «Харрисон энд санс»
Номиналдары- 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000

  • Тамшы тама-тама дария болар.
    2. Ескі киімді баптағаның
    жаңа киімді сақтағаның
    3. Түстік өмірің болса
    кештік мал жина
    4. Қасықтап жинағанды
    шөміштеп төкпе.
    5. Алыстан арбалағанша
    жақыннан дорбала.
    6. Саумал ішсең қымыз жоқ
    байтал мінсең құлын жоқ.
    7. Есептемегенге бәрі түгел
    8. Үзіп жеген-үнемге жатпайды.
    9. Базары жақын-байымас.
    10. Шашу оңай-жинау қиын.
    11. Қолдағының құны жоқ.

«Бәйге»

  • Тауар деген не?
    2. Экономика дегеніміз не?
    3.Қаржы дегеніміз не?
    4.Сауда дегеніміз не?

5.Ақша сақтайтын мекеме. (Банк)
6.Жеке есепшоты бар төлем-қағаз. (карточка)
7. Ақша беретін құрылғы. (Банкомат)
8. Төлемді растайтын қағаз. (Чек)
9. 1 теңгеде неше тиын бар?
10. Нумизматика деген не?

«Шығармашылық кезең» Өлеңді толықтыр

«Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген __________./елденмін/
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің _______!/ғұмырым/

Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға _________ /дем берер/.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен __________ /дөңгелер/.

«Әр елдің өз валютасы бар »

Италия – лира
Куба – песо
Үндістан – рупия
Иран – риал
Қырғызстанда-/сом/

Ресейде -/рубль/

Германияда — /марка/

Америкада — / доллар/

б) « Тиын»

Ұлыбританияда-/фунт/

Украинада — /гривна/

Қытайда — / юань/

Тәжікстанда — /манат/

Өзбекстанда — /сум/

Түркияда -/ лира /

Кореяда — / йена

Топтық жұмыс

«Менің қиялымдағы теңге» /ватманмен жұмыс/


Үйге тапсырма

«Теңге-ұлтшылығымыздың нышаны» тақырыбына эссе жазу

Қорытынды,бағалау

Тегтер: Үздік сабақ
Авторы: Жақсы ауданының тілдерді оқыту орталығы