Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Дифференциялық әдіс" арқылы тіл үйрету

6.9.2017 630

Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ жасаймыз. «Бауырсақ» ертегісін қоямыз.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру; Шағын мәтіндер негізінде тақырыпқа қатысты жаңа заттық атауларды меңгеру. Оқушыларды әдеби тіл нормасын сақтау арқылы өзі тұтынатын заттар туралы ой қорытуға дағдыландыру.

Білімділік: Оқушының білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Сөздік қорын молайту.

Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту, пысықтау, әр түрлі тапсырмалар орындау. Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Сөйлеу , ойлау , көру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: қазақ тілі сабағына қызығушылығын,оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыру; қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру; адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу, рухани- эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,еңбек сабағы

Қолданылатын әдістер: «Шаттық шеңбері» тренингі, түсіндіру, әңгімелеу, топпен жұмыс, өзіндік жұмыстар, дифференциялық әдісі, сергіту сәті, шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі.

Көрнекі құралдар: Презентация «Қуыршақ жасаймыз» слайдтары, жұмбақтар, мақалдар, ребустар, көмекші карточкалар, суреттер, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы.


Тегтер: дифференциялық әдісі, сергіту сәті, шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі
Авторы: Громова Ирина Викторовна