Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл үйретуде "Инсерт" әдісінің тиімділігі

6.9.2017 1192

Мамандықтың сан қыры

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Тыңдаушылардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұйымшылдыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес (ойын-сайыс сабағы)

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, инсерт әдісі

Көрнекілігі:кеспелер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

  • Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі «Мамандықтың сан қыры» атты ашық сабағымызды бастаймыз.

Жаңа сөздермен танысу

Мамандық – специальность, маман – специалист, сүйікті іс – любимое дело, құрылысшы – строитель, тігінші- швея, жауыгер – воин, ұшқыш – летчик, әскери қызметші – военнослужащий.

І. Тыңдаушыларды үш топқа бөлеміз.

1-топқа ат қою (өздерін таныстыру)

2-топқа ат қою (өздерін таныстыру)

3-топқа ат қою (өздерін таныстыру)

ІІ. Слайдқа назар аударамыз. Жұмбақтардың шешімін табамыз.

  • Өрнектеп, сәндеп,
  • Тігістерін бүгетін
  • Қалпағы ақ қарасаң,
  • Өскен шашты жаратпайтын,
  • Жасыл желек көгалда,
  • Кең байтақ туған жерiме,

Жалтылдап қалағы,

Салатын кім қаланы? (құрылысшы)

Кім көйлекті тігетін? (тігінші)

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол. (азпазшы)

Қайшысы бар жалақтайтын. (шаштараз)

Бiрде артқа,

Бiрде алға,

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бiр шарға. (Футболшылар)

Кетпесiн деп жат iз өтiп.

Тыныштық тiлеп елiме,

Отанды кiм тұр күзетiп? (Жауынгер)

ІІІ. Мәтінмен жұмыс (берілген мәтінге сұрақтар қою)

Өмірде мамандық түрлері көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету қажет. Әр мамандықтың ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды оқытады, мұғалім сабақ өткізеді, биші би билейді, әскери қызметшілер ел тыныштығын қорғайды. Мамандықты адам жүрек қалауы бойынша таңдау керек. Өйткені әр адамдың болашағы таңдаған мамандығына байланысты .

Менің атым-Жомарт. Мен әскери қызметкермін. Еліме қызмет етуді бала күнімнен армандадым. Қазір Қазақстан Қарулы Күштерінде қызмет жасаймын. Менің мамандығым өзіме ұнайды.

Топтар жоғарыдағы мәтін бойынша бір-бірлеріне сұрақ дайындау қажет. Дайындау уақыты 5 минут.

ІV. Берілген сөйлемдерге аударма жасаңыздар.

1. Я учусь на экономическом факультете.

2.Нет плохой специальности.

3. Я буду профессиональным юристом.

4. В мире очень много специальностей.

5. Мой папа - архитектор.

6. Финансист - хорошая специальность.

7. Юрист - необходимая профессия.

8. Друг открыл новые рабочие места.

9. Мой сын поступил в университет.

V. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Ұшқыш әдемі киім тігеді.

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

Суретші сахнада ән айтып тұр.

VІ.Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу) 4 минут

Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?

Мұғалім. Сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?

Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?

VІІ. Кеспелермен жұмыс.

1. Сөздерге көптік жалғауын жалғаңыз.

Кітап.... үстелде жатыр.

Қыз..... дүкенге кірді.

Тау...... алыстан көрінеді.

Басшы....... тапсырма берді.

Бұл сөздік...... кімдікі.

Жер –жерден сарапшы..... келді.

Күзде жапырақ ...... сарғаяды.

Жексенбіде банк..... жұмыс істей ме?

Мен газетке спортшы.... туралы мақала жаздым.

Кинотеатрда қызықты кинофильм.... көрсетіліп жатыр.

Берілген сөздерді тәуелдеңіз.

Жақ менің сенің сіздің оның біздің сендердің сіздердің олардың

Бөлім

Бастық

Өтініш

Білім

Куәлік

Табыс

Тиісті есімдікті қойыңыз.

......... үйім Абай көшесінде.

......... атың кім?

......... көйлегім қызыл.

........ жұмысыңыз қандай?

....... отбасы үлкен бе?

........ ұялы телефоным жоқ.

........ мекенжайың қандай?

........ әкем 42жаста.

........ інісі футбол ойнауды ұнатады.

........ фирмаңыз екінші үйде ме?

........ әйелі есепші ме?

Мына фотосуреттегі ........ досым.

VІІІ. Сызба бойынша мәтін құраңдар. Мәтінге ат қойыңдар.

IX «КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны. Көңілді шумақтар

1 - БІР

Же1 екен 1қазан:

Кей1 жемді 1қазан

1-ақ сәтте қойды жеп,

Кү1 етті:

«Тойдым»,-деп.

Естіп 1 кез дү1ді,

Жағадағы тү1ді

Паналауға жүгірді.

2-ЕКІ

Баласына ж2ріп,

Ұрсып жатыр К2лік:

-2леніп с2ріп,

Алып қапсың «2лік».

2ншілей «2ңді»

Көрсетпе!-деп ж2ді.

К2рейіп баласы,

2ленбей таласып,

«Жоймасам ба 2мді!»

Деп б2нген с2лді.

X “АЛТЫБАҚАН” сөзіндегі дыбыстарды пайдаланып сөздер құраңыздар. Қайталанбасын.

ХІ. Үй тапсырмасы: Септік сұрақтарын, жалғауларын қайталау.

Қорытынды.

Мамандық таңдаудың 7 қадамы

Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.

Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.

Тегтер: инсерт әдісі, қазақ тілі, тіл үйрету
Авторы: Жұмағалиева Анар Жасланқызы