Қазقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Думан» ойын-сауық орталығы 

6.9.2017 1583

Сынып: 2

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «Думан» ойын-сауық орталығы туралы түсінік беру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, сапалы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту,дүниетанымын кеңейту.Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру . Сауатты жазуға үйрету.

Тәрбиелік: Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету.

Сабақтың түрі:жаңа білім беру сабағы.

Сабақтыңкөрнекілігі:электрондыоқулық,постер,карточка,үнтаспа,суреттер,

смаиликтер,пойыздың суреті,оқулық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,жұппен жұмыс,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:7 мин.

Оқушылармен амандасу,оларды сабаққа психологиялық дайындау.

-Балалар бізде бүгін ерекше сабақ,сабағымызда қонақтар бар.

-Қонақтармен амандасамыз

-Қазір бізде қандай сабақ?

-Қазір бізде қазақ тілі сабағы

-Қазақ тілі сабағында біз қандай тілде сөйлейміз?

-Қазақ тілі сабағында біз қазақ тілінде сөйлейміз

-Бүгін нешесі?18 сәуір

-Аптаның қай күні?сейсенбі

-Жыл мезгілі қандай?

-Көктем.Құлпырған жыл мезгілі

- біз де бүгінгі сабағымызды осы көктем сияқты бір-бірімізге қарап күліп, бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.

-Қане, онда :

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Сабағымызды бастаймыз,

Жалқаулықты тастаймыз.

Үй жұмысын тексеру.78 бет,№6

Үнтаспны тыңдаймыз.

-Бұл үнтаспада не туралы айтылған,не түсіндіңдер? Осы сұраққа жауап алау арқылы тақырыпқа шығамыз.

-Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.7 мин.

1.Түсінік беру.(суретті көрсету)

Думан ойын сауық-орталығы Астана қаласында орналасқан.Ол 2003жылы ашылды.Ол үлкен,әдемі кешен.Думанда Мұхитарал,Джунгли,Ертегі қалашығы,Аттракциондар,Роллердром,Киноатракцион бар

2.80бет,№2.Мәтінді оқу,түсініксіз сөздермен жұмыс

Мұхитарал-океанариум,сегізаяқ-осьминог,ашылды-открылся,көрме алаңы-выставочная площадка

-Балалар сендер Астана қаласына бардыңдар ма?Думанға бардыңдар ма?

Онда балалар біз сендермен тапсырмалар орындау арқылы пойызбен Астана қаласына Думанға саяхатқа барамыз.Әр тапсырманы орындағаннан кейін пойыздың вагондарын жабыстырып отырамыз.

III.Тапсырмалар: 20 мин.(Келісемін,келіспеймін смайликтері арқылы оқушылар әр топтың жауаптарын бағалайды)

1.80б,№2.Мәтінді жұптасып,топтасып аударады.Ауызша

Сергіту сәті.Қызыл өрік

2.Сөйлемдерді ретімен жазып,мәтін құрастыр.(топтармен алмасып,бір-бірін тексереді)Жазбаша

3.Думанда не бар?Постер қорғау.Сөйлеп үйрен.

Әр топқа жұмыстары үшін смайликтер беріледі.

Жақсы балалар,біз Астана қаласына келдік. Видео көру.

IV. Бекіту.5 мин.

1.Думан қай қалада орналасқан?

2.Думан қай жылы ашылды?

3.Думанда не бар?

4.Думан қандай?

V.Қорытындылау. Бағалау. 5 мин.

Балалар, бүгін біз не білдік?

Рефлексия

Стикерлерді жабыстыру

Сабақ ұнады, Сабақ ұнаған жоқ! Сабақты түсінген

барлығы түсінікті болды! жоқпын!


VI. Үйге тапсырма:83 бет №5 оқу.

Тегтер:
Авторы: Толеуова Асел Армияқызы