ТЕМІРТАУДА ТІЛ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Tilalem.kz

Tilalem.kz

29 сәуір, 2024

 

26 сәуір күні Теміртау қаласында ұлт ұстазы Ахмет  Байтұрсынұлы атындағы кабинет ашылды. Шара аясында қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері, тілдерді заманауи оқыту және инновациялық технологиялар туралы «Тілдерді оқытудағы 10 жыл: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

Семинарға оқытушылар, тіл мамандарымен қатар, Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме LAB бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Мақсұтқызы Ысқақова қатысып, «Қазақ тілін тиімді үйрету» тақырыбында баяндама жасады.

Өзара ортақ тәжірибе алмасуға арналған жиында тіл орталығының 10 жылда атқарған жемісті жұмысы мен өңірде ұйымдастырылған қысқа мерзімді курстардың тиімділігі баяндалды.

«Соңғы жылдары Теміртау қаласы тұрғындарының тарапынан мемлекеттік тілге деген құлшыныс артты. Курстарға алдын-ала кезекке тұрып жазылады. Тіл үйренушілер өз білімдерін шеберлік сыныпта көрсетіп, ән-күймен жалғастырады. Дені – өзге ұлттар. Теміртау қаласының жергілікті ерекшелігін ескерсек, бұл – үлкен нәтиже және қуанарлық жағдай», дейді Тіл орталығының мамандары.

Теміртау қаласы тілдерді дамыту орталығының  10 жылдығына орай өткен айтулы шараны қалалық Мәдениет,тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі мен Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырды.


Баға беріңіз